Америка павильонының студенттері Бурабайға аттанды July 27, 2017

Америка павильонының студенттері Бурабайға аттанды

Өткен демалыс күндері бір топ студент жиналып, сұлу табиғатымен әйгілі Бурабайға барып келдік. Екі күн ішінде Қазақстан маржанының әсем, көрікті жерлерін көріп келдік. Үйді жалға алып, түнгі Астананың шамдарынан алшақ жерде жұлдызды аспанға қарап тамашаладық.
Автобус бізді 20 шілде күні таңертең ЭКСПО қалашығының бас кіребірісінен алып кетті. Оған біз өзара Чарли бекеті деген ат қойған болатыңбыз. Дүкеннен майда-шүйде заттар алып, жолға шықтық. Келе сала, заттарымызды тастап, көлге қарай беттедік. Қайтарда қатты жауынның астында қалдық. Бірақ бұл сын америкалық рухымызды түсірмеді және кешке бірігіп тамақ жасап, әңгіме-дүкен құрып, ойын ойнауға жоспарымыздан тайдырмады. От жандырып, кәуап дайындай бастадық.
Келесі күні Бурабайдың бар көрікті жерлерін қарап шығуға аттандық. Жаяу жүретін, көлде жүзетін, қайықпен жүзетін топтарға бөліндік. Сосын бәріміз қосылып, қасиетті жартасқа бардық. Аңызға сенсек, егер кімде-кім жартасты үш рет айналып, тілек тілесе, сол тілегі орындалады. Әрқайсымыз іштен тілегімізді тілеп, Қазақстанның ортасында жартасты айналып жүрміз. Бұл кез ерекшелігімен есте қалды. Одан да басқа оқиғаларға тап болдық. Мысалы, бір досымыз сұңқарға жақындап, танысқысы келді. Нәтижесінде құс үркіп, ашуланып, досымызды қорқытты.
Кешкісін Астанаға қайттық. Шаршадық, бірақ көңіл-күйіміз көтеріңкі. Жаңа достарымызбен екі күн бойы Қазақстанның ең көрікті жерлерін аралап шықтық. Сапарымыздың тағы бір жақсы жағы – Бурабайға тек студенттер ғана емес, павильон қызметкерлері де барды. Сапар барысында жақынырақ таныстық. Ортақ естеліктеріміз бар. Олар есімізде ұзағынан қалады. ЭКСПО біткеннен кейін де. Мәңгілікке.

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.