Астанадағы алғашқы аптам June 16, 2017

Астанадағы алғашқы аптам

Автор: Paul Gallo

Астанадағы алғашқы аптам ес кетіретіндей болып өтті! Жолдан демалып алып, жаңа жерде жайғаса бастадым. Алекс Резник екеуміздің түрікше сөйлей алатынымызды біліп, Павильонымыздың директоры Джошуа Уолкер бізді Түрік павильонының ашылуына орай ұйымдастырылғын баспасөз конференциясына шақырды. Тіл білгеннің арқасында Түрікменстан, Әзірбайжан елдерінің өкілдерімен танысып, қонақүй әкімшілігіндегі жігіттермен де достастық.

Бәрінен бұрын тұрған жеріміздің ашылуы есте қалды. Латын стиліндегі думан-кешке қатысып, Латын павильонында мен сияқты жұмыс істеп жүрген әріптестермен таныстым. Көп биледік. Кеш ЭКСПО қалашығында жалғасын тапты. Неше түрлі тағамдар ұсынылды. ЭКСПО еріктілері ұлттық киімдерін киіп жүрді.

Бидің бір түрін үйреніп алып, мен қасымдағыларға бір сапқа тұрып билеуді ұсындым. Түрлі елдің өкілдері бола тұрсақ та, биіміз сабақтас, қимылдарымыз үндес болды. Өзімді үлкен жанұяның бөлігі ретінде сезіндім.

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.