Астанаға қайтып келгенде… June 27, 2017

Астанаға қайтып келгенде…

Автор: Clarissa Rodriguez

Астанаға алғаш рет поезбен Алматыдан 2015 ж. тамызда келген болатынмын. Сол кезде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіндегі америкалық студенттер үшін жазғы бағдарламаға қатысқан болатынмын. Бағдарлама соңына қарай өзге студенттермен бірге Қазақстанның жас астанасына сапармен бардық, қала ішін жаяу аралап серуендедік. Қаланың бірнеше көрікті жерлерін, соның ішінде Орталық мұражайын, Байтерек, Хан Шатырын… және, әрине, Ақ Орда резиденциясын аралап шықтық. Бұл жерлер көріктігімен, қазіргі заманға сайлығымен, сапалы салынғанымен есте қалды. Қаланың Алматыға қарағанда халқы азырақ болып көрінді. Қаланың архитектурасы бірегей, тамаша. Әсіресе, қала ортасындағы Хазрет-Сұлтан мешіті өте ұнады. Мешіт ішіне кірерде таң қалдым! Адам көптігіне қарамастан, ғимараттың іші тыныш болды. Төбеге үлкен жарқыраған аспалы шамдар іліп, бірінші қабатта Құран қойып қойды. Мешітте бір сағат уақыттай болдым, келген адамдардың жарты дауыспен оқыған аяттарын тыңдап, тыныштық күйіне батып, бақыт сезіміне оралдым… Далаға шыққанымызда дауыстап Азан шақырыла бастады. Бұл өзге елде жүргенімді есіме түсірді. Дегенмен, үйде жүргенімдей, өзімді қорқынышсыз сезіндім. Бұл елдің мәдениеті мен тарихын көбірек білгім келді.

Екі жыл өтіп, Астанаға қайта оралдым. Қазір ЭКСПО 2017 көрмесінде АҚШ павильонының америкалық елші-студенті болып жүрмін. Астанада жүріп, оның екі жыл ішінде қалайша өзгергенін көрдім. Қала көркейді. 2015 ж. салынып тұрған ғимараттар бүгін тігінен сәнді болып тұр. ЭКСПО арқасында қалаға шетелден турист пен волонтерлер келіп, қаланың түрлі іс-шараларына қатысуда. Мен бұған қуанамын! Бұл дегеніміз, – келген шетелдіктер қазақ мәдениетімен танысып, қазақстандықтарға тән қасиетті өз елдеріне алып кетеді деген сөз. Қысқасы, Қазақстанға қайта келгеніме қуаныштымын! Мен Астанадағы ЭКСПО көрмесіне қатысу мүмкіндігін тағдырдың сыйы деп қабылдаймын. Қазақстандағы жаңа қызықты оқиғаларды асыға күтемін!

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.