Астана мен Легия: 3-1 August 9, 2017

Астана мен Легия: 3-1

Автор: Озода Тожибоева

“Астана Арена” стадионы Астана футбол клубының жанкүйерлерімен лық толы. Әр орындықтың үстінде жатқан буклеттермен шапалақтап, айқайлап жүрген көпшілік. Стадионнан шыққан айқай-шу оның сыртында да естіліп тұр. Өзім кешігіп келген болатынмын, содан білемін. Бас есігінен өтіп, 6N кіреберісіне аттандым. “АС-ТА-НАА!” деген айқайынан ішім ұлай-түлей болып жатыр.

Отырған орным жақсы, алаңға жақын орналасқан. Астана клубының ойыншыларын жақыннан көре алғанымына қатты қуандым!

36 минутта Джуниор Кабананга варашавалық Легияның қақпашысынан өтіп, алғаш гол соқты. Барлықтар орындарынан тұрып, қуаныштарын жасыра алмады. Көпшілік «Джуниор» деп, дикторшы қыз «Кабананга, Кабананга, Кабананга…» деп айқайлады. Мен де көпшілікке қосылып, секіріп, айқайлай бастадым.

Алғаш голдан кейін айқай шу көбейе бастаған секілді. Он минуттан соң, алғаш матч тәмәмдай бастағанда, астаналық Иван Маевский тағы бір гол соғып, шот 2:0 болды. Матч жақсы көрсеткішпен аяқталды.

2016 жылы жазда МетЛайф стадионында Реал Мадрид пен Мюнхендік Баварияның ойынын көріп едім. Астана Аренадағы ойынның ортасына таман осы екі ойынның айырмашылығын түсіндім: МетЛайф стадионында үлкен экрандар құрылған болатын. Онда ойынның кейбір кездері баяу бейнеленіп көрсетілетін. Астанадағы орным жақсы болды. Бірақ артта отырғандарға осындай экрандар құрылса, жақсы болар еді.

Екінші матчта, яғни 79 минутта, варшавалық Армандо Садику Астана қақпасына доп жіберді. Астаналықтардың көңіл-күйлері түсті. Көрермендер орындарынан тұрып, ыдыстарын лақтырып, “БУУУ!” деп айқайлай бастады. Жанкүйерлердің өз командасын қолдап, жеңілісіне шын ниетімен күйініп тұрған халін байқадым. Ойынның аяқталуына таман Астана қақпасын қорғап, 2:1 шотын сақтағысы келгендей болды. Алайда ойын мен үшін күтпегендей бітті.

90 минут өтісімен, соттар ойынға тағы 6 минут қосты. Қосымша уақыттың аяғына таман Патрик Твумаси Астана пайдасына тағы бір гол соқты. Бүкіл стадион орнынан тұрып, билей бастады. Ақырғы ысқырықтан кейін екі топ ойыншылары бір бірінің қолын қысты. Джуниор Кабананга клубтастарын алаңды аралап, жанкүйерлерге алғысын білдіруді ұсынды. Көрерменнің біреуі суретке түсіргісі келгенін айтқаны сол еді, Джуниор Кабананга шарбақтан секіріп, көпшілікпен суретке түсе бастады. Осы кезде барлығы алға қарай ойыншымен селфи жасауға ұмтылды. Мен де тырыстым, бірақ үлгере алмадым. Дегенмен күнім жақсы өтті. Келесі ойынды асыға күтемін. Алға Астана, Алға Қазақстан!

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.