Ағашаяқпен жүретін акробаттар July 16, 2017

Ағашаяқпен жүретін акробаттар

Автор: Руслан Лучеро

15 шілдеде Чехияның Ұлттық күні аталып өтті. Біз, достарым Келли мен Прайямен бірге, сол жаққа беттедік. Чехтар мерекесін ерекше мақтанышпен өткізді, қобалжып тұрғандары да байқалды.

Іс-шара ашылу кезінде Чехиядан арнайы келген музыкалық топ, бишілер, ағашаяқпен жүретін акробаттар өз өнерлерін көрсетті. Әртістер жас көрінгенімен, дәстүрлі ән мен билерді емін-еркін орындады.

ЭКСПО-дағы жұмыс Чехия дәстүрімен танысуға және оны өзге елдердің мәдениетімен салыстыруға мүмкіндік береді. Өзге елдердің мәдениеті бойынша білім де ЭКСПО алаңында немесе шетел сапарларының барысында алынған болатын. Бірақ, бәрінен маңыздысы – Стив бірнеше бишілермен танысты.

Іс-шара барысында Чехия Президенті Милош Земан сөз сөйлеп, сарқылмайтын энергия көздерінің маңыздылығы туралы атап өтті. Ол Чехия мен Қазақстанның энергия саласынан бастап мәдениет саласына дейінгі ынтымақтастығын ата кете, Чехия Республикасында 2000-ға жуық қазақстандық студенттердің оқитындығын айтты. Күнделікті тәжірибемізден көрініп тұрғандай, адамдардың жас кезінен бір-бірімен қатынасуы олардың дүниетанымын кеңейтеді. Қазақстан мен Чехия қатынастарының болашаққа бағытталғанына қуаныштымыз.

Чехия ұлттық күні біз үшін ел туралы жаңалықты ашып қана қоймай, бұл елге болашақта сапар шегуге ынталандырды.

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.