АҚШ Елші-студенттері Астанаға келді! June 2, 2017

АҚШ павильонының тақырыбы шексіз энергия, Американың өнертабыстары, инновациялары, және, ең бастысы, адамдары туралы болады. Кешегі күн Елші-студенттеріміз үшін жұмыстың бірінші күні болды. 40 шақты жас америкалықтар Астанаға келіп, өздеріңізді АҚШ павильонында қарсы алып, сұрақтарыңызға жауап беріп, “Шексіз энергияның қайнар көзі неде?” деген сұраққа жауап іздестіруге дайын.

Астанадағы алғаш күнінде олар ЭКСПО қызметімен танысып, тренингтен өтіп, қаланы аралап шықты.

Студенттерімізді алдағы уақытта павильонымыздан немесе әлеуметтік желілерден кездестіре аласыздар. Назарларыңыздан жіберіп алмаңыз!