АҚШ Павильонына шолу May 26, 2017

АҚШ Павильонына кіргенде көретіңіздерге қысқаша шолу

Театр 1: Энергияға толы бөлме
Павильонның кіндігінде келушілерге “таусылмас қуаттың қайнар көзі дегенді қалай түсінесіз?” деген сұрақ қойылады” АҚШ-тың бейнесуреттері ілінген бөлменің ішінде оларды елші-студенттер қарсы алады. Сосын өткен тарихтан шабыттанған, ертеңгі күннің озық технологиясын ерекше атап көрсететін, Американың инновацивациялық рухын дәріптейтін фильм көрсетіледі. Содан кейін қонақтар “Өмір қуаты” театрына шақырылады.

Театр 2: Өмір қуаты
Мұнда келушілер АҚШ павильонының “Таусылмас қуат қайнар көзі” тақырыбын эмоциялық түрде ашатын, ғажайып, қызықты әрі көңіл-күйді көтеретін шоуды тамашалайды.” Синхрондалған үш алып экраннан көрсетілетін шоу еденнен төбеге дейінгі көп қабатты дыбыс және жарық әсерінен одан әрі күшейтіледі.

Павильон Пост-шоуы
Бұл жерде қонақтарды Театр 1 бөлмесінде қойылған сұрақтың жауабына, яғни “таусылмас қуат қайнар көзі БІЗ ӨЗІМІЗ” деген ұғымына кез болады. Мұнда, біздің демеушілеріміз және серіктестеріміз АҚШ пен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі қалай тереңдете түсетінімізді және ғаламдық мәселелерді шешу жұмыстарын қалай жалғастыратынымызды түсіндіреді.