АҚШ павильонының ЭКСПО 2017 көрмесінде ашылуы June 10, 2017

АҚШ павильонының ЭКСПО 2017 көрмесінде ашылуы

АҚШ жоғары лауазымды өкілдері мен павильон демеушілері қонақтарды қарсы алуда

Астана, Қазақстан – Бүгін Астанада АҚШ павильонының ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісінің Орталық Азия мәселелері жөніндегі орынбасары Дэниэл Розенблюм, Павильон комиссары мен Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол, Павильон президенті Джошуа Уолкер, «АСТАНА ЭКСПО 2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев, павильон демеушілерімен мен елші-студенттер қатысты.

«Павильон жұмысын іске қосуға зор үлес қосқан Қазақстан және АҚШ-тағы серіктестерімізді құттықтаймыз. Осылай бірігіп жасаған жұмыстың жемісі АҚШ пен Қазақстанның дипломатиялық қатынастарының күш-қуатын, өзара қолдауын мен энергетикасын көрсетеді», деп атап өтті Дж. Крол.

«Павильонымыздың есігі Қазақстан халқы мен шетелдік қонақтары үшін ашық», – деп атап өтіп АҚШ елшісі – «Америкада қуат көзінің қайнар көзі – адамдар; қонақтар елші-студенттермен қатынасып, павильонның интерактивті дисплейлерін қолданып, зор ләззат алады деп үміттенеміз», деді.