АҚШ павильонының әні енді онлайн арқылы қол жетімді August 1, 2017

АҚШ павильонының әні енді онлайн арқылы қол жетімді

АҚШ павильонының негізіне жатқан ‘WE’ әні Болашақ энергиясының рухын жеткізеді

Астана, Қазақстан – АҚШ павильоны президенті Доктор Джошуа Уолкер хабарлағандай, Павильонның ресми әні енді онлайн арқылы қолжетімді.

“Энергияның сарқылмас көзі әрқайсысымыздың ішінде. Павильонымыздан өткен жүздеген, мыңдаған адамдар оны бейне дисплейінен, әнімізден көріп, біле алды”, – деді ол. “Біз осы ойымызбен әрқайсысымен бөлісуге ынталымыз, сол себепті Павильонымызға жеке келе алмағандарға әнімізді онлайн арқылы қолжетімді жасауды шештік”, – деп атап өтті Дж. Уолкер.

Павильонның негізгі көрсетілімінде орындалатын “We” әні АҚШ болашақ энергиясының қуатын және Америка мен Қазақстан халықтарының өзара қатынастарының негізінде жатқан бірлік рухын білдіреді.

“We” әнін естіп, павильонымыз арқылы күлімсіреп өткен адамдарды көру ғажап”, – деді BRC Imagination Arts компаниясының вице-президенті мен шығармашылық атқарушы директоры Кристиан Лэйхел. “Павильонымыздың тақырыбы тек болашақ технологияларға ғана емес, осы технологияларды жүзеге асыратын бірлік рухы мен идеяларға арналады. “We” әні осы рухты қабыл алып, қонақтарымызға жеткізеді. Қазір идеямызды ән арқылы одан да көп адамдарға жеткізе алатынымызға қуанамыз”, – деп атап өтті ол.

“We” әні BRC Imagination Arts компаниясымен шығарылды. Сөзі мен әні Ник Пьеронидікі.

“We” әні туралы толығырақ ақпаратты келесі сілтеме арқылы алуға болады.