БАӘ павильонымен тәжірибе алмасу August 16, 2017

БАӘ павильонымен тәжірибе алмасу

Автор: Грейс Гаррет

 

ЭКСПО-дағы тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында павильонымызға Біріккен Араб Әмірліктерінен Құлуд пен Мұхаммед келді. БАӘ павильонындағы жұмыс біздікіндегідей екен. Оларда да шоу көрсетіледі, оның барысында ерікті студенттер көмектесіп жүреді. Бір айырмашылығы – оларда ротация жүреді екен. Яғни студенттер әр ай сайын ауысып тұрады екен. Құлуд пен Мұхаммедтың Астанада бірнеше күн уақыты қана қалды. Олар павильонымыздың жұмысымен танысқаннан кейін, біздің студенттер Алекс пен Прия БАӘ павильонына барды.

Ол жерде оларды БАӘ тобының жетекшісі Хасан қарсы алды. Студенттерімізге павильонды көрсетіп, араб шайын ұсынды. Сосын жұмысқа кірістік. Амна, Хамад және Әбубәкәр бізге не істеу керек екенін көрсетті. Біз павильон қонақтарымен суретке түсіп, балалардың аттарын арабша жаздық. Қазақстандықтардың алыс елдің мәдениеті мен киіміне қызығушылығын бақыладық. Бәрінен бұрын алдымыздан өткен кезектер арасында қысқа үзілістер ұнады. Олардың барысында өзара сөйлесе алатынбыз.

Біраздан соң, бізге Грейс қосылды. Ол үшін де арнайы тур өткізілді. Грейске негізгі бөлменің тыныштығы мен араб еріктілерінің қонақжайлылығы ұнады. Араб павильонындағы жұмысымыздың соңында Құлуд пен Мұхаммед бізге төсбелгілер сыйлады.

 

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.