Жат елде жаныңа жақын нәрсе табу June 29, 2017

Жат елде жаныңа жақын нәрсе табу

Автор: Энтони ДеАнджело

Жат елде жүргенде жаныңа жақын нәрселерді табу бір ғанибет.

Дегенмен, өзіңе үйреншікті заттарды табу үйіңнен он мың шақырым жерге алыстағанда қиынға соғар. Бөтен елге келіп, шет тілін түсінуге, жергілікті дәстүрлерді ұғынуға талпынған кезде, осы тілдік, мәдени кедергілерден асып түсуге көмектесетін үйреншікті заттарды байқа бастайсың. Осы кішігірім заттардың арқасында үйден тым алыстап кетпегенін сезінесің.

ЭКСПО сыртында шағын тұрғын үйлер орналасқан. Осы тектес үйлерді жер шарының кез келген бұрышынан табуға болады. Сырттан қорапқа ұқсайтын үйдің алдында ойын ауласы, серуендеп жүрген ата-атаналар мен балалар, дем алып жүрген қарттар және, әсіресе, бетонмен құйылған спорттық алаңы табылар.

Міне, осындай кішігірім заттар менің жаныма жақын.

Астанадағы екінші күнімде сауда орталығына барып, футбол ойнайтын доп сатып алдым. Менің орнымда өзге біреу қаланы тану үшін Астана мейрамханалары туралы ақпарат-кітапшасын, не болмаса, автобус турын сатып алар еді. Алайда мен осы доп Қазақстан бас қаласымен танысудың ерекше тәсілі болады деп сендім.

Жұмыс күнінің соңына қарай өз компьютерімнен басымды алып, спорт алаңындағы елші-студенттерге қосылдым. Ойынға салындық, дегенмен арамызда футболды жақсы ойнайтын жан жоқ. Алайда темір тормен қоршалған бетон алаңы өзімізге тым жақын көрінді.

Доптың ұшқандағы, тебілгенде және темір торға ұрынғандағы дыбысы, – осының бәрі құлағыма үйреншікті көрінді.

Көп ұзамай, қатарымызға көршілес тұратын балалар қосылды. Олардың ойындарына қарағанда, 2026 жылы Қазақстан әлем чемпионатынан бірақ көрінер деген ой түсті.

Олар ағылшынша аз сөйледі, алайдағы қасымдағылар орысша, қазақша білетін. Бір-біріміздің есімдерімізді сұрастырып, топ-топқа құрылып, ойын бастадық.

Бір баланың жейдесі таныс көрінді; Месси аты жазылған тура осындай форма үйімде ілулі тұр. Доппен ойнау, “пас!” деген айқайы және гол кезіндегі алақан шапалағы жаныма жылы тиді.

Мен футболды қай елде жүрсем де ойнауға тырысамын. Бұл – бала кездегі үйімнің бір бөлігі болып жанымда тұрады, Санта-Крустан Сиэтлге, Вашингтоннан Лонданға аттанарда да футбол добын жанымнан қалдырмаймын.

ЭКСПО тақырыбы “болашақ энергиясына” арналса да, ол үйреншікті, жақын нәрселер: өзгеден өзіңе жақын нәрсе табу; бәрімізге ортақ нәрсе тауып, жарқын болашақ құру; бір-бірімізден мыңдаған шақырым алшақтықта тұрсақ та, ұқсас жақтарымыз бар екені туралы сөз қозғайды.

Астана менің үйім болмауы да мүмкін. Тілді де үйрене алмаспын. Қыстың қаһарында бұл жерге келуге сескене шығармын. Алайда, ЭКСПО арқасында, мен осы жерде жаныма жақын нәрселер тауып, өзімді үйімен тым алшақтап кетпегендей сезіндім.

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.