Жаңа ұрпақ елшілері ЭКСПО 2017-дегі АҚШ павильонында жұмыс істейді August 10, 2017

Жаңа ұрпақ елшілері ЭКСПО 2017-дегі АҚШ павильонында жұмыс істейді

Автор: Астанадағы ЭКСПО-2017 мамандырылған көрмесіндегі АҚШ павильонының президенті мен бас атқарушы директоры Д-р Джошуа Уолкер.

Жас америкалықтар елінен мыңдаған шақырым жерде, биылғы жылдың ең ірі халықаралық сахынасында – Астана ЭКСПО 2017 көрмесінде – туған жерінің оң ұлттық имиджін қалыптастырып жатыр.

Астана, Қазақстан – Қазір шетелдегі америкалық имиджінің оң болуының нағыз керек кезі. Плюралистік елімізде Американың келбеті тек мемлекеттік ғана емес жекеменшік секторлардың үлесімен қалыптасады. АҚШ қоғамдық дипломатиясы жаңа халықаралық қатынастарды орнату мен орнатылған қатынастарды нығайту арқылы Американың жаһанды мүдделерін ілгерілетудің аса маңызды тетігі болғалы жатыр. Және бұл тек ел басшылары мен саясаткерлерге ғана емес, бүкіл адамзатқа қатысты. Биыл АҚШ бұны ірі халықаралық сахынада – Астанадағы ЭКСПО 2017 көрмесінде жүзеге асыру мүмкіндігіне қол жеткізді.

«Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған көрме 120 ел үшін қоғамдық дипломатияның уақытылы және орынды платформасына айналды. Олар павильондары арқылы өз тәжірибесімен бөлісуге, ал миллиондаған көрермендер әлемнің ең үздік жетістіктерін көруге жиналды. Осы жерде Америка ерекше көрінді.

Мұның себебі павильонның қайталанбас құрылысы мен интерактивті дисплейлерінде емес. Бұл дүние өзге павильондардан да табылар. Бас себеп Павильонның сәнін келтірген 40 америкалық “Елші-студенттерінде”.

АҚШ павильонының студенттік пособиясының бағдарламасы басқа жерде кездестірілмейтін нәрсе. Құрама Штаттарының түкпір-түкпірінен келген 40 дарынды студенттер келесі ұрпақ елшілері ролінде шығып, Америка павильонының жүрегі мен жанына айналды. Күнделікті жұмысында олар бір күлімсіреп, қол ұстасқаннан, өздерінің шыққан елі туралы көзқарасты оң жаққа бұрып жібереді. Павильонға келгелі қонақтар бастан аяққа дейін осындай студенттермен бимен қарсы алынып, бірге суретке түсісіп, шығарып салынады. Әрқайсысы орысша еркін сөйлейді, қазақ тілін және 15-ке жуық шет тілдерін меңгергендері де бар. Студенттер кіреберістегі қонақтармен қатынасып, олардың көңілдерін өзінің ізгі ниетімен, жігерлігімен және жұмыстарына адалдығымен жаулап алады.

Елші-студенттер тек ЭКСПО-мен шектелмей, Павильоннан тыс жұмыстарына да ат салысуда. Қала ішінде еріктілер болып қызмет етіп, білімдерімен бөлісіп жатыр, балалар үйлеріне барып, ағылшын тілі курстарын жүргізіп жатыр.

Студенттер ЭКСПО алаңында да белсенділік танытуда, өзге павильондағы құрдастамен байланыс құруда. Елші-студенттердің бастамасымен Павильон тұмарымыз Стив бүркіт баласы белсенділік танытып, әлеуметтік желілерден жиі көрінетін болды. Стив ЭКСПО-ның ажырамас бөлігіне айналып, өзге павильондардың бірден бір ұлттық күнін жіберіп көрген жоқ. Ол, сонымен қатар, бірқатар достарын тауып алды (соның ішінде Папуа-Жаңа Гвинея мен Жапониядан). Сэм аға мен Азаттық мүсіні бикеші де ЭКСПО-ның ажырамас бөлігіне айналды. Студенттер кейіпкерлердің костюмдерін жиі киіп, көрме қонақтарымен және павильон қызметкерлерімен суретке түсіп жүр.

Біздің студенттер қабылдаушы елдің назарынан тыс қалған жоқ. Қазақстандық БАҚ өкілдері Елші-студенттерімізден интервью алып, көпшілікпен таныстыруда. Осылайша Павильонның демалыс бөлмесінде қазақ батырларының суретін салған студентіміз туралы сюжет шықты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Елші-студентіміздің қазақша өлеңін айтқанын көріп, тамашалады.

ЭКСПО 2017 алаңында студенттер Американың қоғамдық дипломатиясын ілгерілетумен қатар, Павильонға келген осы саланың мамандарымен кездесіп, олардан көп нәрсені үйренді. Павильонымызға өзіміздің сүйікті Джордж Крол елші мырза, АҚШ Мемлекеттік хатшысының энергетикалық ресурстар мәселелері жөніндегі бірінші көмекшісі Мэри Уорлик, Орталық Азия істері жөніндегі Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің директоры Дэвид Гэмбл; Орталық Азия және Әзірбайжан өңірі бойынша General Electric бас директоры Бела Ференци; және бір студентіміздің әкесі, Law & Order, JAG секілді бағдарламаларымен әйгілі Эд Цукерман келіп кетті.

Павильон Президенті бола тұра, мен 40 Елші-студенттеріміздің қызметімен мақтанамын. Және олардың күнделікті жұмыстарының жемісін көріп отырмын.

Біздің топ Павильонның және Американың бағына құрылған. Жастардың өз елін ілгерілетудегі бастамаларын жүзеге асыруы қоғамдық дипломатиямыздың үлкен жеңісі. ЭКСПО 2017 аяқталуына дейін бір ай қалды. Алдағы айдың сәтті өтуін асыға күтемін және студенттеріміз қоғамдық дипломатияның келесі ұрпақ елшілеріне зор ықпалын келтіреді деп сенемін.

Басылымның түпнұсқасы: Next Generation Ambassadors at USA Pavilion EXPO 2017, The Huffington Post