Корей павильонына саяхат June 27, 2017

Корей павильонына саяхат

Авторлар: Jon Poser and Sasha Bustamante

Бүгін Саша екеуміз Корей павильонына бармақшы болып, өзіміздің алғашқы мәдени аралық айырбасу хикаясына аттандық. Жол жөнекей көрменің бас жолымен келе жатқан корейлік топты кездестірдік. Олар Битлз тобының өлендерін шырқап, өзгелер «Hey Jude» әйгілі әнін қоса айта бастады. Бұл айналадағы адамдарды сергітіп, көңіл күйлерін көтерді. Соңынан білгеніміздей, бұл көрмеге арнайы Кореядан келген екі музыкалық топтың бірі екен. Корея павильонында, АҚШ павильонындай, өз елін өзгелерге таныстыратын студенттер-еріктілер бар.

Павильон ішінде Кореяның елші-студенттеріне кез болдық. Олар да біз сияқты елінің түкпір-түкпірінен келген болатын. Студенттер өздері, өзінің павильоны туралы және қазақ пен корей мәдениетінің ортақ жақтары туралы айтып берді. Біз өзімізбен бірге Polaroid камерасын ұмытпай ала шыққанымызға қатты қуандық. Суретке түсіп, бір фотографияны корейліктерге табыстадық. Олар оны қуана алды, тіпті “қағаз, қайшы, тас” ойынына салынып, жеңімпаз фотосуретке ие болды да, өзімізге бұл ойынның корей тіліндегі баламасын үйретті.

Байланыс телефондарымен алмасып, корей бойтұмары Пороро пингвиннің қысқаша шоуын тамашаладық. 20-минуттай кезекте тұрып, әр түрлі жастағы көрермендермен бірге павильонның ішіне кірдік.

Алдыңғы бөлігінде Кореяның даму тарихын суретке салған бейнероликті тамашаладық. Бастапқы залында назарымызға видеомен сүйемелденген би ұсынылды. Онда әр тірі жан энергияның дәстүрлі көздерінен бас тартып, баламалы ресурстарды пайдалана алатыны туралы баяндалды. Көрсетілім энергияның баламалы көздері жағына сендірерлік дәлел келтіріп, олардың біздің болашағымыз және қоршаған ортамыз үшін маңыздылығын атап өтті. Қорытынды бөлмеде энергияның түрлі көздерін білдіретін ағаштар қатары орнатылды. Олардың кейбіреулері Кореяда пайдаланылса, кейбіреулері енді іске қосылуға дайын. Әрқайсысымызға планшеттер беріліп, олар арқылы бөлменің әр түкпірінде интерактивті ықпалдасып, энергияның әр көзі туралы ақпарат алдық.

Жалпы, бүкіл көрсетілім отыз минутқа созылады. Корей тобы өз елін абыроймен танытады және олардың көрсетілімдері, шынында да, адамды таза баламалы энергия көздерін пайдалану мәселесі жөнінде көп ойландырады. Қысқасы, олар – жылы шырайлы адамдар, павильоны өте қызықты, біз уақытымызды жақсы өткіздік. Бұған көз жеткізуіңізге шақырамыз!

Рақмет,

Ян мен Саша

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.