Мадагаскармен танысу July 5, 2017

Мадагаскармен танысу

Автор: Логан Харди

Өткен аптада Мадагаскар елінің ұлттық күні атап өтіліп, мен олардың мерекелі іс-шарасына қатыстым. Нелли досымен таң атысымен ЭКСПО алаңының орталық сахнасына беттедік. Мадагаскар халқы өз мерекесін қалай тойлайтынына көз жеткізуге асықтық. Іс-шара басында әдемі киінген ЭКСПО қызметкерлері Мадагаскар өкілдерін көпшілікке таныстырып, ел туын көкке көтерді, Қазақстан және Мадагаскар ән-ұраны орындалды.

Мадагаскардан келген жергілікті музыкалық тобының өнерін тамашаладық. Олар гитара мен аккордеонның африкалық үлгісіне ұқсас аспаптарда, маракас пен синтезаторда әуен орындады. Концерт бітісімен Африка павильонына беттедік, ол жерде Мадагаскар бұрышын тауып алдық. Ол жерде ел туралы қызықты ақпаратпен таныстық. Сонымен қатар, кішігірім базарына соғып, бірнеше ерекше кәдесыйларға тап болдық. Бұл күні Мадагаскар туралы көп нәрсе біліп, елмен жақынырақ таныстық.