“Менің бар білгенім – еш нәрсе білмейтінім” June 20, 2017

«Менің бар білгенім – еш нәрсе білмейтінім»

Автор: Alejandro Perez-Reyes

Осыдан бір ай бұрын университетте жүргенде бұл сөздерді Сократ туралы философиялық пікір таласу барысында естіген болар едім. Алайда, қазір Астанада жүріп, бұны Халид атты Біріккен Араб Әмірліктері павильонындағы ерікті студентінен естідім.

Халидпен қалай танысқанымды баяндап бергім келеді. Екеуміздің әңгімеміз маған көп ой салды, соның ішінде ЭКСПО туралы да. Сіздер де осы тәжірибемнен біраз нәрсе үйренесіңдер деп үміттенемін.

БАӘ павильонынан алған алғаш әсерім аса дұрыс болған жоқ. Бірнеше күн бойы көрмені белсенді зерттеп, оң жақ тіземді ауыртып алған мен үшін кезекке тұру қиындау болды. Осындай күйде бейне роликті отырып көру оның мазмұнына қарамастан тартымды болып көрінді. БАӘ туралы аз білсем де, мен секілді қонақтар үшін дайындаған презентациясына алаңдамадым. Қызығушылық білдірмей, салқындық таныттым.

Павильоннан шығып, дисплейде тұрған Дубайда өтетін алдағы ЭКСПО 2020 көрмесі туралы ақпаратқа көзім түсті. Бұны байқаған павильон қызметкері жаныма келіп, әңгіме құрды. Алдағы ЭКСПО-ны талқылай бастап, соңында өзіміз, еліміз, Астанаға көзқарас туралы сөз қозғап, әңгімеміз жарасып кетті. Осы арада Халид бар білгені – еш нәрсе білмейтіні деген дүние танымымен бөлісті. Дубайдағы көрме туралы айтып, ЭКСПО туралы білмегенім қалмаса да, көрме туралы өзгелерден сұрастырудан тартынбаймын, себебі, қалай болса да, өзгелерден жаңа мағлұмат алармын. Біз телефон нөмірімізбен алмасып, мен Халидтің кеңесін ойымда сақтап, келесі павильонға аттандым.

«Future Energy» халықаралық көрмеде келесі елдің павильонында өзін үшін жаңалық ашпассың деген қате ой туындауы мүмкін. Көрсетілімдер мен тақырыптар орташа көрермен үшін орта қолды болып көрінгенмен, адал көрермен әр елден, әр павильоннан өзіне қайсыбір жаңалық ашады.

Өзіңізді қоршап отырған беймәлім дүниенің терең мағынасын толық түсіну үшін, өзіңізді еш нәрсе білмеймін деп дайындағаныңыз абзал. Және де сұрақтар қойғаныңыз жөн болар. Осыны істесеңіз, өкінбессіз.

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.