Мен жазғы демалысымды қалай өткізіп жатырмын July 1, 2017

Мен жазғы демалысымды қалай өткізіп жатырмын

Автор: Izabel Trizlova

Сәуір ортасында Испанияның Мадрид қаласында соңғы емтиханымды тапсырып отырған кезімде, достарым жазды қалай өткізесің деп жиі сұраған болатын. Мен бұған “барынша демалып, теңіз жағалауында жатамын” деп жауап беретінмін. Қазір, екі ай өте салысымен, достарымның, курстастарымның және туысқандарымның жазғы демалысың қалай деген сұрағына “Керемет! Астанадамын!” деп жауап беретін болдым.

Демалысымды Қазақстанда өткіземін деп жоспарлаған жоқпын, алайда Facebook-тен АҚШ Павильоны елші-студенттерді жұмысқа шақырады деген хабарламасын көріп, құжаттарымды жібердім.

Елден, халқынан, ЭКСПО-дан не күтерін білген жоқпын. Қазақ мәдениетін, тарихын, күнделікті тұрмысын зерттей бастадым. Интернеттен ел туралы қаншама ақпарат табуға болады.

Осы уақытқа дейін бұл жердегі адамдар жылы шырайлы, ашық, көмектесуге даяр болып көрінді. Жергіліктілерімен алғаш танысым ЭКСПО қалашығында болды. Бір ғимараттан шығатын есік таба алмай, адасып жүргенімде қасыма күзетуші жігіт келді. Жағдайымды біліп, есікке дейін шығарып салды. Қайдан келгенімді, не істеп жатқанымды сұрады. Тіпті қайдан қандай ас ішуге болатынын, қалада не көруге болатынын айтып берді. Сол кезден бастап, ол мен үшін күзетуші емес, досым болды.

ЭКСПО басталысымен жердің түкпір-түкпірінен келген неше ұлтты адамдарды кездестірдім. АҚШ павильонында жұмыс істеп, өзге павильондарды аралап, қалаға шығып, өзім үшін жазғы демалысымда үйіме айналған жаңа Қазақстанды аштым.

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.