Не үшін? June 29, 2017

Не үшін?

Автор: Tyler Gonzales-Aguirre

Мен ұлты орыс немесе орысша сөйлейтін достарыма Портленд мемлекеттік университетінде орыс тілі мен әдебиетін оқып жүргенім туралы айта бастасам, барлығы «Неге? Не үшін?» деп сұра бастайды.

Жауабым сол – шетел тілі мен мәдениеті мені өте қызықтырады. Сол себепті Астанадағы ЭКСПО 2017 көрмесінде Америка Құрама Штаттарын таныстыру мүмкіндігіне қатты қуандым.

Бұрынғы кеңес республикасында тілдік тәжірибе алып, қазақ мәдениетімен жақынырақ танысқым келді. Қазақстан – орыс тілінде сөйлейтін мен барған елдердің екіншісі. Осыдан үш жыл бұрын Ресейдің Қазан қаласында оқыдым. Қазанның бейресми атауы – «Еуропа мен Азияның беттескен жері», халқы – татарлар. Татар тілі түркітілдес тілдердің қатарына кіреді, тарихы түркілермен, моңғолдармен, славяндармен ұштасады, барлығы Қазақстандағыдай.

Астанадағы өмірім Татарстандағы өміріме өте ұқсас болады деп күтпегенмін. Екі алшақ елдің ортақтас және өзара ұқсамайтын жақтарын байқау мен үшін қызық болды.

Қазақстан мәдениеті даму жолының үстінде, бұны орыс тілін меңгерген кез келген адам жергіліктілермен сөйлесіп, көре алады.

Өзім Қазақстан-америкалық серіктестіктің бір бөлігі болғаныма қуанамын. Қазақстан мен АҚШ елдерін 25 жылғы жемісті ынтымақтастық байланыстырады. Америка павильонының Елші-студенті бола тұра, бізге келген жергілікті қонақтармен тіл табысып, осы қатынастардың дамуына үлесімді қосуға мүмкіндік туындады.

Қазақстандағы уақытым Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университетіндегі кезімнен қатты ерекшеленеді. Біздің павильонға келген қазақстандықтар Американың технологиялары мен инновациялары туралы біліп, адам баласы энергияның шынайы қайнар көзі екеніне көздерін жеткізе алады. Жуырда Астанаға келгенімізге бір ай болады. Мен сияқты келген 40 елші-студенттер алдағы екі айды қызық әрі жемісті өткізуге, Астана мен оның тұрғындарына өздерін таныстыруға дайын екендігіне сенімдімін.

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.