Прогресстің дәстүрлерімен танысуға шақырамыз May 31, 2017

Прогресстің дәстүрлерімен танысуға шақырамыз: АҚШ Павильоны Орталық Азиядағы тұңғыш рет өткізіліп жатқан халықаралық көрмеде ашылмақ

Автор: Д-р. Джошуа Уолкер, АҚШ Павильонының Президенті

Биыл Астанадағы ЭКСПО халықаралық көрмедегі АҚШ Павильонының Президенті болып тағайындалғанда, көрменің бай тарихы мен жүз жылдан астам уақытта өткізіліп жатқан іс-шаралардың маңыздылығы мені таң қалдырды. Менің көрмеге деген бар құрметіме қарамастан, мен оның маңыздылығын тек жақында ғана, Дисней Уорлд бағына жанұяммен барғанда, түсіндім.

“Сиқырлы патшалық” бағында серуендеп жүріп, әйгілі “Прогресс әткеншегіне” кез болдым. Дженерал Электрикс компаниясы үшін Уолт Диснейдің өзімен салынған әткеншек сол кезде ғылымның соңғы жаңалығы болып, 1964-1965 жж. Нью-Йоркте өткен ЭКСПО көрмесінде көпшілікке ұсынылған болатын. Әткеншек Уолт Диснейдің сүйікті экспозициясы мен тарихи мұрасы бола тұра, осы күнде ЭКСПО қауымдастығының символына айналды.

Прогресс әткеншегі халықаралық көрменің әлем дамуына зор ықпалын дәлелдейді; көрме көрермендерін таң қалдырып қана қоймай, тарихта зор із қалдырады. 1851 жылғы Лондондағы ең алғаш ЭКСПО үшін арнайы салынған белгілі Хрусталь сарайы, Париж төріндегі Эйфель мұнарасы, Чикагодағы тарихи сайтан доңғалағы, – осының бәрі көрменің өнер туындыларының жаратылуына зор үлес қосатындығын дәлелдейді.

АҚШ-тың ЭКСПО-ға қатысушы ғана емес, оны өткізуші ел ретіндегі тарихы зор; елде 30-дан астам көрме өткізілді. ЭКСПО-ны өткізген әр қала америка инновацияларына зор үлесін қосып, ал көрмелер қауымдастықтың ең үздік жетістіктерінің шоғырланған алаңына айналатын. Мысалы, 1876 жылғы Филадельфиядағы халықаралық көрмеде Александр Грейам Белл алғаш рет көпшіліктің назарына телефон ұсынды. Ал 1964 жылы Нью-Йорк қаласында Прогресс әткеншегімен қатар реактивті сөмке ұсынылды.

Халықаралық көрмелердің маңыздылығы, әдетте, қолмен ұстауға болатын экспозицияларда емес, зерделі ақылгөйлерді кездестіру, олармен ой бөлісу мүмкіндігінде. Астанадағы ЭКСПО 2017 жылдың ірі халықаралық іс-шарасына айналмақ, бұл жерге әлемнің түкпір-түкпірінен қазіргі өзекті инновациялармен бөлісуге және жаңалықтарды білуге ынталы адамдар жиналмақ.

Бұл осындай дәрежедегі Орталық Азиядағы алғаш көрме екенін ескере отыра, Америка Құрама Штаттары өзін АҚШ павильонында лайықты көрсеткені абзал. Павильон мақсаты – Америка инновацияларының тарихымен және өндірісіміз, адамдарымыз, жалпы қоғамымыздан шығатын энергиямен бөлісу.

Осы қарқынмен ЭКСПО көрмелері биыл және алдағы жылдары да жаңашыл инновацияларды ұсынып, бүкіл адамзатқа идеялармен бөлісу мүмкіндігін береді деп сенемін. Бұл дәстүр Астанамен бітпейді, ол Астанамен басталады. Дубайдағы ЭКСПО 2020 көкжиекте көрінгелі тұр. 2023 жылғы ЭКСПО АҚШ-та өтіп, америкалық инновациялар тарихында өз орнын қалдырады деп үміттенемін.

Осыдан жарты ғасыр кейін, балам өз жанұясымен “Сиқырлы патшалыққа” барғанда, парк аттракционына айналған павильонымызды кездестірмейтін де шығар. Әлбетте, Астанадағы АҚШ Павильоны Орталық Азиядағы түңғыш ЭКСПО көрмесіне қолдау көрсетіп, АҚШ пен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастардың символына айналатындығына күмәнім жоқ.

Біз, АҚШ павильоны, ЭКСПО дәстүрін қабылдаған халықаралық көрмеге қосылуға асыға күтеміз. Астанада жүздескенше!

Мақала алғаш рет Huffington Post басылымында жарық көрген болатын.