Таиланд павильонымен мәдени алмасу September 4, 2017

Таиланд павильонымен мәдени алмасу

Авторлар: Джонатан Позер, Квентин Хейлбронер и Александр Бустаманте

 

АҚШ павильонының елші-студенттері Джон, Квентин және Саша Таиланд павильонының қызметкерлерімен орын алмасып, бір күн сол жерде жұмыс істеді.

Таиланд павильоны өкілдерін таңертең қарсы алып, қанаттар логотипі салынған қабырға алдында суретке түсіп, Саша екеуміз Таиланд павильонына беттедік. Ең алдымен, қонақтарды қарсы алғанда қалайша дұрыс сәлем беру керектігін үйрендік. Алғашқы залда бейне презентациясының мағынасын, суреттерді әлеуметтік желілерге жүктегенде қандай хэштег қолдану керектігін, қалай сыйлық алуға болатындығын түсіндіріп берді. Сосын негізгі залға барып, 3D көзілдірік киіп, Таиланд энергетикалық өнімдері туралы көрсетілімді көрдік. Оны бізге 5-метрлік Паланг жүгері пішінді Таиланд тұмары түсіндіріп берді. Ол сарқылмас энергия көздері мен биоэнергия туралы көп зат біледі екен.

Қорытынды залда қант құрағы немесе пілдің артқы жағы түріндегі интерактивті экпонаттар орнатылған. Қастарында тұрған интерактивті панельдер биологиялық материалдарды өңдеу және этанол шығару үрдісін түсіндіреді. Бөлме соңында үш қолөнерші отырады: бірі шөптен себет тоқиды, екіншісі былғарының үстіне неше түрлі суреттер салады, ал үшіншісі қыш ыдыстың үстінде ою-өрнектер салады. Сол күні кешке оларға тағы бір адам қосылып, жеміс-жидектен неше түрлі пішіндер жасап өнерін көрсетті. Тайлықтар бізді өте жылы қарсы алды.

Джон бірінші холлда екі тайлық Бель және Ширимен жұмыс істеді. Олар қонақтарды бірге қарсы алып, бейне роликтің мағынасын түсіндірді. Бейне бітісімен оларды кедесі залға шығарып салатын болды. Джон бақылау жүйесінің қалайша істейтіні біліп алып, Бейне роликтің ағылшын және орыс тіліндегі нұсқаларын өшірді. Уақытымыз жақсы өтті.

 

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.