Танысайық! – Мені Астанаға не шақырды June 19, 2017

Танысайық! Мені Астанаға не шақырды

Автор: Rachael Rosenberg

Нұрлы Астанадан сәлем бердім: Сәлеметсіз бе, Здравствуйте және Hello! ЭКСПО 2017 Америка павильонында Елші-студент болып жүргенімді мақтан тұтамын. Орталық Азияда алғаш рет өткізіліп жатқан ағымды жылдың маңызды халықаралық іс-шарасына қатысып жүргеніме қуаныштымын.

Бұл өңірге алғаш рет келуім. Не күтерін білмедім. Қазақстанға келердің алдында ел туралы білгенім екі нәрсе еді: 1) қазақстандықтар өте мейірімді әрі қонақжайлы халық, және 2) қазақтың асы вегетариандықтарға сәйкес келмейді. Әзірше бұл екі нәрсенің ақиқат екеніне көзім жетті. Екі апта өтісімен, ЭКСПО-дағы жұмысыма үйреніп, жайғаса бастадым. Алдағы айларда Қазақстан және қазақтармен жақынырақ танысамын деп асыға күтемін.

Танысайық! Менің атым Рейчел, Мен Техас штатының Дентон университеттік қалашығында тудым. Дентон өзінің жылдық джаз фестивалімен әйгілі, сонымен қатар ол жер қойнауын сумен ажыратуға тыйым салған Техастағы алғашқы қала болып табылады. Мен ол жерде 18-ге толғанымша өмір сүрдім. Сосын Вашингтондағы Америка университетіне түстім. Мамандығым халықаралық қатынастар, орыс тілі және өңіртану болды. Сол жерде өмірлік достарымды кездесіп, білім алдым. Тіпті ара өсіріп көрдім.

Дегенмен, университеттегі жасаған қалауымның маңыздысы орыс тілін үйрену болды. Тіл оқуын бастағанда тіпті кирил әрпін білмейтінмін. Екі жыл оқып, шетел тілдерін үйреніп жүрген студенттер үшін АҚШ Елшілігінің қарқынды жазғы бағдарламасына қосылып, Нижний Новгород қаласына бардым. Бұл шетелге алғаш рет баруым, орыс ұлтты жанұяда бірінші рет тұруым, орыс тілін алғаш рет тәжірибеде қолдануым болды. Бұл өмірімдегі ең қызық кез болды.

2016 жылы Ресейге қайта оралып, бір семестр Санкт-Петербургте өткіздім. Бұл қаланың мен үшін маңызы ерекше. Бірге тұрған адамдарым жылы жүзді, қатысқан семинарларым қызық болды, Марин театрына кемінде 7 рет барып көрдім. Петербург қаласында орыс тілін толықтай меңгердім. Әрине, емін-еркін сөйлесе алмаспын. Дегенмен, тіл меңгерген деңгейім едәуір болды.

Орысша көбірек сөйлейтін мүмкіндікті пайдалану ниетім және көпшілік дипломатиясына қызығушылығым арқасында Елші-студент атандым. АҚШ павильонында тек Астана тұрғындарымен ғана емес, бүкіл Қазақстан халқымен және шетелден келген қонақтармен таныса аламыз. Мен оларға Америка Құрама Штаттары туралы айтып, өз еліммен таныстыруды жақсы көремін. ЭКСПО тек түрлі идеялардың ғана емес, түрлі мәдени ағымдардың түйіскен жері. Көбісі үшін біздің павильон американдықтармен танысудың алғаш қадамы деп түсініп, мен өз жұмысыма бар байыптылықпен қараймын.

Қонақтармен қатар өзге павильондардағы студент-еріктілермен тіл табысқым келеді. Өзім және қасымдағы өзге елші-студенттер осы жерден білген тергенімізді елімізге алып кетеміз деп сенімдімін.

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.