Тіл білген адамдарды жақындастырады June 15, 2017

Тіл білген адамдарды жақындастырады

Автор: Michael Schiumo

Соңғы екі аптада мыңдаған адамдары кездестірген шығармын. Дегенмен бір кездесу ерекше есімде қалды. Бір топ достарыммен ЭКСПО-ны аралап жүргенде бір адаммен көз ілісіп қалдық. Орысшалап “Көмек қажет пе?” деп сұрадым. Жейдемдегі «USA» жазуын көрді де, «Америка павильоны қайда?» деп сұрады. Мен көрсеттім. Ол алғысын білдіріп, кете бергені сол еді, «сіз өзіңіз қайдан боласыз?» деп қайта келіп сұрады.

Мен “Америкадан” деп мақтанышпен жауап бердім. Маған сенбегендей болды. Тағы бір нәрселерді сұрастырды да, өз жолымен әрі қарай кетті. Мен достарыма қосылдым. Сол кезде көзім жетті: Америкадан келіп орысша соншалықты таза сөйлегеніне таң қалған шығар деп ойладым. Оған қоса тағы бір ой келді: АҚШ павильонының мақсаты да дәл осы шығар.

Павильон елші-студенттерінің көбісі бірнеше тіл игерген; біз ата-анамыздың тілінде сөйлейміз, жаңа тілдер үйренеміз және әлемнің түрлі елдерінен келген адамдармен байланыс орнатып, олармен олардың тілінде сөйлесуге тырысамыз. Бұл дегеніміз – біз өзге елдердің мәдениеті туралы көбірек білгіміз келеді, ол үшін тілін үйренеміз, себебі бұл елтанудың ең ұтымды тәсілі деп сенемін. Сонымен бірге америкалықтардың өздері біркелкі емес. ЭКСПО көрмесінің үш айының ішінде күнделікті кездесулер барысында америкалықтар туралы стереотиптер сындырылып, бізге деген көзқарас өзгереді деп үміттенемін. Өзара түсінушіліктің арқасында өзге ұлттар өкілдерінде америкалықтар, шын мәнісінде, ашық және қоршаған ортаға зор көңіл бөледі деген ой қалатынына сенімдімін.

Мен америкалық болғанымды мақтан тұтамын. Елімнің сұлулығымен бөлісуге осы мүмкіндікті алғыспен қарсы аламын. Америкалықтар болып, бір-бірімізге ұқсамайтынымызға қуанамын. Себебі бұл, бәлкім, бізді біріктіретін де зат шығар.

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.