Тәуелсіздік күні July 12, 2017

National Day, EXPO, USA Pavilion

Тәуелсіздік күні

Автор: Йошихару Хьюитт

4 шілде күнін Америка халқы ерекше эмоциямен қабылдайды. Бұл күні өзіміз бағалайтын және сынға алатын, мақтан тұтатын және жақсартуды талап ететін заттарды еске аламыз. Биылғы эмоциялар жаңа әкімшіліктің жаңа саяси, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық күн тәртібінің аясында ерекше әсерлі болды. Үйімізде болып жатқан өзгерістер барысында алыста Елші-студент міндетін атқару қиынға түседі. Ес мең-зең, басқа күдікті ойлар келеді.

Сонымен бірге, Тәуелсіздік Күні өткен қателіктерді қорытындылаумен қатар, жаңа үміттің білдірілетін кезі. Бұл саяси пікірлер мен идеологияны ілгерілететін күн емес, бұл америкалықтардың өз үміті мен қажеттіліктерін ашық айта алатын күн. Біздің демократиялық қауымдастығымыздың сұлулығы осында: адамдар ел басындағылардан және жалпы қауымдастықтан күтетін үміттері мен қажеттіліктерін айтып, керек болса айқайлап жеткізе алады. Тұрып жатқан елімізді, әлемді жақсарту ниетіміздің арқасында, біз, Елші-студенттер, Астанадағы халықаралық көрмеге келдік. Біз қазақстандықтарды осы оймен қарсы аламыз, Америкада көбісіне бейтаныс жерге келіп, мәдени өзара түсінісушілік нығайтуға тырысамыз. Және осыны қызықты деп табамыз.

Бұл жерде кез болған мейірімділік пен қонақжайлық Қазақстанды жақсы жағынан көрсетіп қана қоймай, өзіме Америкаға тән нәрселерді есіме салды. Америкалықтар мен қазақстандықтардың әңгімелескендерін, бірге күлгендерін, кантри мен қазақ әуендерін тыңдағандарын көріп, биылғы Тәуелсіздік күннің мен үшін ерекше өткенімді түсіндім. Осы сәтте күдікті ойларды есімнен шығарып, барыма, яғни қуанатын, мақтан тұтатын, күлімсірейтін себептерімнің бар екеніме шүкіршілік білдірдім. Бұл қазақстандықтардың маған деген ізгі ниетінің арқасында мүмкін болды деп сезінемін.

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.