Төсбелгілер – ЭКСПО валютасы August 11, 2017

Төсбелгілер – ЭКСПО валютасы
Автор: Феррис Самара

Халықаралық көрмеде жұмыс істейтін Америкадан келген мені ЭКСПО-дағы үлкен сфера да, футуристік ғимараттар да аса таң қалдырған жоқ. Осы жерге келгелі менің кез болған ең қызық оқиғалардан есте қалатыны төсбелгілер шығар. Адамдардың іздеп, жинап, өзара алмасып және белдіктер мен жейдеге жапсыратын кәдімгі төсбелгілер.

Павильондағы алғаш күнімде маған бірнеше төсбелгілер берілді. Олар екі түрлі болды: бірі АҚШ павильонының логотипін бейнелейтін домалақ пішінді, екіншісі қазақстандық және америкалық тулардың түстеріне боялған қол ұстасқан қос қанат пішінді. Төсбелгілерге сақ болыңдар, ысыраппен шашпай, өзгелерге алмастырып жүріңдер деді. Басында бұл маған бір түрлі көрінді. Бірақ мен ол кезде төсбелгілер ЭКСПО-да соншалықты өзекті екенін білмеген едім.

ЭКСПО басталғанда, көптеген павильондар төсбелгілерін тарата бастады. Бір-екі аптадан кейін оларды алу қиынға түсе бастады. Кезекте тұрған адамдар маған жақындап, төсбелгілер бар ма деп сұрай бастады. Оларға төсбелгілерді басқаларға айырбастап алуға болады деп айтқаным сол еді, бір-бірін итеріп, өз төсбелгілерін көрсете бастады. Полиция қызметкерлері, дәрігерлер, тіпті мемлекеттік қызметкерлер маған жақындап, белдігімдегі төсбелгілерді зерттей бастайтын. Тіпті дәретханаларда да жақындайтын. Белдігімді көріп, бейтаныс адамдар қасыма жақындап, төсбелгілерді сыйға не алмасып беруді сұрайтын. Төсбелгілерге тәбеті жоқ болып көрінген адамдардың өзі менің коллекциямды көріп, өздерінің өткен ЭКСПО-лардан жинаған төсбелгілерін көрсетіп, айырбасуға ұсынатын. Сол кезде белдігімді тығып жүру шешіміне келдім.

Төсбелгілер әр түрлі болады. Көбісінде Тай жүгерісінің бейнесі салынған. Бірақ оларға ЭКСПО қонақтары зор қызығушылық білдірмейді. Аз төсбелгілер шығарған елдер оларды сыйға бермейді, алмасып отырады. Мұндай төсбелгілерге сұраныс, әдетте, көп. Төсбелгілер бірыңғай бір критериймен бағаланбайды. Кейбіреулер өздерінің естеліктерімен бағалы. Дегенмен, сыртқы келбеті, шыққан елі, тіпті пішіні оның бағалылығын анықтауы да мүмкін. Мәселен, кішкентай төсбелгілер үлкен төсбелгілерден бағалырақ болады.

ЭКСПО-ның осы тектес валютасы дәстүрлі валютаға жатпайтындығымен, оларды ақша ретінде де пайдаланады. Өзім олардың тамаққа, ақшаға, өзге заттарға алмастырғанын көрдім. Кейбір кафелердің қызметкерлері төсбелгілердің белгілі бір түрлері үшін тамақты тегін беретін.

Төсбелгілер алмасу өткен ЭКСПО-лардан қалған дәстүр, және ол болашақта өз жалғасын табады деп сенемін. Менің Астанадағы жинап алған коллекциям болашақ ЭКСПО-ларда толықтырылады деп үміттенемін, және алдағы жылдары қай төсбелгілер қандай сұранысқа ие болатынын көрсем, арманым жоқ!

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.