ЭКСПО-ның ортасына таман АҚШ Павильонынан 400 мыңнан астам адам өтті July 25, 2017

#usapavilion2017 #usaexpo2017

ЭКСПОның ортасына таман АҚШ Павильонынан 400 мыңнан астам адам өтті

АҚШ павильонымен танысуға ниет білдірушілер бұны жеке келіп не онлайн арқылы істей алады
АСТАНА, КАЗАҚСТАН, – АҚШ Павильонының Президенті, Доктор Джошуа Уолкер айтуынша, ЭКСПО-ның ортасына таман Америка павильонына 400 мыңнан астам адам келді.

Ол: “ЭКСПО-дағы әрбір күн – Қазақстан тұрғындары мен қонақтары үшін Американың сарқылмас қуатының көзі болып табылатын америкалықтармен жақынырақ танысу мүмкіндігі”, – деді. “Павильонның елші-студенттерімен, қызметкерлерімен жеке немесе әлеуметтік жүйелер, БАҚ арқылы танысып үлгерген адамдардың саны өте көп. Одан да көп қонақтарды күтеміз, павильон есігі әрқашан да ашық,” – деді.

АҚШ павильоны үш бөліктен тұрады: шоу алды бөлмесі, негізгі шоу және шоу арты бөлмесі. Павильон қонақтары елші-студенттерімен кездесіп, Америка халқының қуаты мен оптимизмімен және соңғы америкалық технологияларымен таныстыратын көрсетілімді тамашалайды.

“Кішкентай балалардан жоғары лауазымды тұлғаларға дейінгі қонақтарымыздың павильонымыздан өткенде күлімсіреген жүздерін көру адамдарды біріктіретін халықаралық көрмелердің маңыздылығын дәлелдейді”, – деп атап өтті BRC Imagination Arts компаниясының вице-президенті мен шығармашылық атқарушы директоры Кристиан Лэйхел. Ол, сонымен қатар, “павильоннан өткендердің бәрін суретке түсіруді дәстүрге айналдырдық. ЭКСПО біткенше, біздің қызметімізге ортақтас соншама адамдарды кездестіру – бір ғанибет” – деді.

АҚШ павильоны ЭКСПО 2017 алаңында маңызды саяси және мәдени іс-шараларды да, атап өткенде, Павильон серіктесі – Қазақстан-америкалық бизнес қауымдастығының өткізген дөңгелек үстелдерінен бастап, әйгілі орындаушылардың концерттеріне дейін өткізді.

2017 жылғы АҚШ Павильонының атқарушы директоры және 2012 жылғы Оңтүстік Кореяның Йосу қаласындағы ЭКСПО-да АҚШ павильонының президенті болған Эндрю Сноувайт айтқандай, “ЭКСПО көрмелерінің маңызы зор, олар адамдарды біріктіреді, бір-бірімізді қосатын көпірлер салып, кедергілерді жояды”. “Біздің топ бірінші күннен-ақ Павильон құрылысына ат салысып, уақыт, бюджет және мақсат ыңғайына қарай жұмыс істеуге тырысты. Осы үдерісті бақылау, қонақтарымыздың павильоннан күлімсіреп, Американы тереңірек түсініп шығуын көру – үлкен бақыт,” – деді ол.

АҚШ павильоны туралы толығырақ ақпаратты оның www.usapavilion2017.org вебсайтынан алуға болады.