ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесіндегі америка-қазақстандық қатынастарды атап өту July 3, 2017

ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесіндегі америка-қазақстандық қатынастарды атап өту

Доктор Джошуа Уолкер

Астана – АҚШ Тәуелсіздік күні мерекесі осы шілдеде жер шарының ар жағында Қазақстанның бас қаласы Астанада, ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандырылған көрмесінде жүздеген ел өкілдерімен және есепсіз қонақтарымен бірге атап өтілмек. Америка павильоны Орталық Азияда алғаш рет өткізіліп жатқан халықаралық көрме алаңында 10 маусымда өз есігін ашты. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар АҚШ америкалық технологиялар арқылы болашақ энергиясына қалайша жететіндігін өз көзімен көре алады. 4 шілде күні біздің мерекемізге қосылуыңызға шын жүректен шақырамыз.

Айта кететін жайт, 4 шілде алдағы аптаның жалғыз мерекесі емес. 6 шілде күні Қазақстан өзінің бас қаласы Астананың 19-ші туған күнін атап өтпекші (қала тез арада мен үшін екінші үйім болып қалды). Астана жас қаладан тез арада ағымды жылдың ірі жаһанды іс-шарасына айналғаны таң қаларлық.

АҚШ пен Қазақстанның маңызыды мерекелерінің бір-біріне дәл келгені сәтті болды. Қазақстан тәуелсіздігін алғалы, екі ел өзара ынтымақтастық пен сыйластықтың арқасында 25 жыл ішінде қарым-қатынастарда біраз табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі АҚШ павильоны осы қатынастар беріктігінің нақты дәлелі болуда.

АҚШ павильоны ЭКСПО 2017 “Болашақ энергиясы” тақырыбымен шабыттанып, сарқылмас энергия көзі әрқайсысымыздың ішінде идеясын жеткізгісі келеді. Өзіміздің энергиямыз арқылы біз таң қаларлық нәтижелерге жеткізетін инновацияларды ынталандырамыз. АҚШ пен Қазақстан арасындағы қатынастардың энергетикасы Америка павильонын идеядан шынайы нәрсеге айналдырғаны сөзсіз. АҚШ пен Қазақстан арасындағы серіктестік тек саяси лидерлер арқасында ғана емес, жеке сектор мен адамдардың арасындағы қатынастардың арқасында нығайа түсті.

Қазақстанмен берік серіктестік Американың шетелдегі мүдделері үшін өте маңызды. Экономиканы либеризациялау үдерісі арқасында Қазақстанның нарықтары тартымды бола бастады. Бұл жерге тағы энергетикалық ресурстарды, георгафиялық орналасуын, демографиялық жағдайын қосуға болады. Осы критерийлер елдің жаһанды терроризммен күресудегі ролімен қатар Қазақстанды әлем төріне шығарады. Қазақстанның қауіпсіздік саласындағы рөлі ұлғайа түсті, елдің жақында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануы осыны дәлелдейді. Бұл тарихи оқиға (Орталық Азия елі алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігіне кірді) БҰҰ Бас Ассамблеясындағы орталық азиялық өңірдің маңыздылығын нығайтты.

Америка Құрама Штаттарымен достық қарым-қатынастар Қазақстан үшін де маңызды. Орта азиялық мемлекет қарқынды өсіп келе жатқан экономикасының либеризациясында біраз жетістіктерге жетті. АҚШ, дүние жүзінің ең ірі либералды экономикасы бола тұра, елдің халықаралық саудасын дамытуда ұтымды серіктес болуда. Қазақстанның алда қойған мақсаттарына жету үшін Америка инвестицияларының өсімі зор үлес қосады деп сенімдімін. Елдің дамып келе жатқан нарығында америкалық компаниялар бизнес жүргізудің шынайы серіктестері болып қабылданады. Қазақстанның түрлі елдер мен мәдениеттердің басын қосу қабілеттілігі Американы, оның алшақтығына қарамастан, Еуразия мен Ұлы Жібек жолының жүрегінде орналасқан өңірдің тартымды серіктесіне айналдырады.

Мен көрме қонақтарын осы жазда АҚШ павильонына келіп, біздің энергетикамыздың қуатымызбен шабыттануыңызға шақырамын. АҚШ павильоны Астана мен Вашингтон достығы арқасында салынғанын ұмытпауыңызды сұраймын. Павильон бетондық іргетас пен қаптамадан емес, АҚШ пен Қазақстан арасындағы шынайы достық байланыс негізінде салынған.