Қош келдік! June 21, 2017

Қош келдік!

Автор: Svetlana Popovic

Он алты сағат ұшақта, күннің екі рет батуы, екі рет шығуы, бір сөмке, үш ай, жаңа ел, жаңа мәдениет, жаңа тіл. Астанадағы World Expo 2017 Болашақ энергия көрмесі, Қазақстан ақыры мен үшін шынайы болды. Бұрын-соңды жүрмеген жолға шықтым, және сапарым өзгеше болатынын түсіндім. Өзім колледжде қазақ әдебиеті мен поэзиясын оқыдым, қазақ тарихы мен мәдениетіне қызықтым. Сол арқылы Қазақстандағы адамдардың қуанышы мен өкінішін, өзара түсінушілігін сезіндім. Қазақстанға келерде, елден көрерлік ерекше үміт артқан жоқпын, дегенмен жүрегім мен құшағым ашық болды.

Елші-студенттің рөлі өте маңызды. Адам санасын өзгерте алмайтынымды білемін. Бірақ мақсатым Қазақстандағы адамдардың санасын өзгерту емес. Мен бұл жерге өз білімімен, болашақ энергиясы тақырыбының мен үшін маңыздылығымен бөлісуге келдім.

Болашақ энергиясы мен үшін Жерді қорғаудың түрлі тәсілдерін іздену, болашақ ұрпақ және планета үшін баламалы энергия көздерін табуда ынтымақтасу болып табылады.

Уақытымды қалайша өткіземін.

Астанадағы алғашқы аптаның ішінде АҚШ Елшісі Крол мырзамен кездестік. Ол бізді қарсы алып, шынайы қазақ киіз үйін көрсетті. Сол күні қазақ тілі пәнінен дәріс алдық. Қазақ тілінде бірнеше сөздер үйрендім. Соның ішінде амандасуды үйрендім, Сәлеметсіз бе! және тағы басқа сөздер жаттап алдым.

Бос уақытта Бурабайға бардық. Көлік жүргізушісі көрікті жерлерді көрсетіп, төбе басына шығу үшін, жолда бірнеше рет тоқтадық. Ол бізге қаланың әсем жерлері туралы баяндап берді. Бірнеше жерлерде ас іштік, тәтті тағамдардың дәмін татып көрдік. Көлдің салқын суына шомылып, ыстық құмына жылындық. Қайықта да жүзіп үлгердік. Уақытымыз қызықты өтті!

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.