Үміттің белгісі July 6, 2017

Үміттің белгісі

Автор: Нелли Димов

Астанадағы халықаралық көрмеде болып жатқан нәрселер халықаралық қатынастардың күрделі жүйесінде де болғалы жатыр. Глобализация адамдарды бір жағынан жақындастырса, екінші жағынан ажыратады. Әлемнің әр жерінен национализмнің шалп етіп шығуы осыны дәлелдейді. Терроризм қарапайым адамдардың да, үкімет басындағылардың да мазасын кетірді. Осындай жағдайда 110-нан астам мемлекеттің ЭКСПО халықаралық көрмесіне қатысуға арнайы қаражат бөліп қатысқаны үміт арттырады. Бұл дегеніміз – қай қиындыққа шалдықсақ та, бәріміздің бейбіт өмірді сақтауға мүдделі екенімізді, диалог құруға дайын екенімізді білдіріп, болашағымыз бар деген үміттің белгісі.

“Кеменің жағалауда тұрғаны жақсы, бірақ кеме тұру үшін емес жүзу үшін салынды” деген нақыл сөз бар. АҚШ Павильоны 40 елші-студентінің бірі болып, осындай жігер жас адамдардың қатарында болғанымды мақтан тұтамын. Олар үйреншікті жерлерін тастап, жағалаудан алыстап, болашақ энергиясы тақырыбындағы күрделі диалогқа қосылды. Әлем – болжап болмайтын зат, энергия мәселелері – даулы. Дегенмен болашақ туралы маңызды мәселелер талқылануы тиіс. Бұл үшін алда тағы үш ай бар! ЭКСПО құтты болсын!

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.