Ұшақтан түскенде August 23, 2017

Ұшақтан түскенде

Автор Энтони ДеАнджело

Ертең Қазақстанға жолға шығамын.

Биыл елге төртінші рет баруым. Жолды біліп алғаным соншалық, көзімді жұмған күйінде жете алармын. Даллес аэропортында тексерістен өту, Франкфуртта тоқтау, Астанадағы шекара бекетінен өту мен ЭКСПО 2017-дағы уақытша үйіме жету.

Жол ұзақ. Өзім жолдан шаршайтын жан болмасам да, бұл жол шаршатады. Алыс сапарға дайындалып жатқанымда келесі ой келді: қазіргі қиын жағдайда ЭКСПО 2017 секілді көрмелерді өткізудің маңызды зор.

ЭКСПО 2017-ні әлі көрмеген болсаңыз, енді оған жетуіңіз екі талай. Үш айлық көрменің аяғына дейін сәл-ақ уақыт қана қалды. Ал Қазақстан жақын арадағы жер емес.

Ал көрмеге жетсеңіз, онда Қазақстанның дәл қазір бүкіл әлемге ең жақын ел екеніне көзіңіз жетеді. ЭКСПО алаңында 110-нан астам ел өз павильондарын ашты. Әрбір ел өзінің ұлттық күндерін өткізіп, мәдениетімен таныстырады. Көптеген павильондарда елдің ұлттық өкілдері жұмыс істейді. Бұл ел туралы ақпаратты арадағы адамның қатысынсыз алуға мүмкіндік береді. ЭКСПО алаңында барлығы әлеуметтік желілерді пайдаланады.

ЭКСПО 2017 көрмесі барлық елдер мен мәдениеттердің жақындығын тағы бір рет дәлелдейді. Ол түрлі елдің өкілдері бір жерде жиналғанда не болатынын, және әркімнің кім болатынын көрсетеді. Көрме 140 белгіге сиятын қаһарлы хабарламаны шай не сыра ішіп жылы жүзді кездесумен басуға болатынын дәлелдейді.

ЭКСПО 2017 қорытынды аптасы бұл тектес халықаралық кездесулер сирек болатынын еске салдырады. Белгілі бір топ адамдар үшін бұл кездесулер үйреншікті нәрсе. Давостағы, Қытайдағы халықаралық экономикалық форумдар, БҰҰ Бас Ассамблеясының жыл сайын болатын отырыстары, әлем лидерлерінің қатысуымен өтетін бөгеттерді жарып, өзара байланыстыратын өзге іс-шаралар. Бірақ олар жеткілікті емес.

ЭКСПО секілді тағы көрмелер керек. Швейцарияға жете алмайтын адамдар үшін өзгелермен байланыс орнату мүмкіндіктер керек.

Бұған қалайша қол жеткізе аламыз. Бұл жерде, ең алдымен, әлеуметтік желілер маңызды роль ойнауы керек. АҚШ павильонының әлеуметтік желілердегі аккаунттары ЭКСПО-ға жете алмаған мыңдаған адамдарға өз павильонын танытты. Facebook және Instagram тек телефондағы қондырғы ғана емес. Олар өзгеше тілі бар бір ғалам. Тілдер әр түрлі болса да, «селфидің» аты «селфи».

Сандық байланыстан басқа жеке байланыс та керек. Түрлі үкіметтер бұл тектес көрмелер арқылы өз елін таныстырып жеткізе алады. Мұндай міндет әр елдің әр елшілігінің мойнында. Бизнес үшін бұл көрмелер тұтынушылармен байланыс орнатып, өз нарығын кеңейту мүмкіндін береді.

48 сағаттан кейін Астанаға жетемін. Алдағы айларда мен жылдарда миллиондаған адамдар ұшақтан түскенде, қалпына тез келіп, бұрын соңды кездестірмеген адамдармен танысу мүмкіндігін пайдаланады деп үміттенемін.

 

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.