Өзеннің арғы жағында June 28, 2017

Өзеннің арғы жағында

Автор: Kanstantsin Ivanou

Астанаға келгелі оның екі түрлі қаладан тұратынына көзім жетті. Бұл, әрине, Байтерек, Хан-Шатыр және өзге де жаңа биік ғимараттары бар жас қала. Бұл ғимараттар Қазақстанның мақсат еткен жолын көрсетеді. Астананың қазіргі заманға сай болғысы және әлем бас қалаларымен бір қатарда тұрғысы келеді. Қала көшелерімен серуендеп жүріп, бұл жерде шыныдан салынған биік ғимараттардың көп екенін көресің. Жаңадан тағы ғимараттар әрдайым салынып жатады. Астана бұл жерге 1997 жылы ғана көшіп келгенін ескере тұра, жаңа қаланы салуға қаншалықты күш-жігердің салынғанын көріп, таң қаласын.

Есіл өзені қаланы қақ екіге бөледі: ескі қала 1830 ж. бастап қаланса, жаңа қала Америка заңнамасы бойынша әлі кәмелетке жетпеген болып саналады. Бұл жастағы жастар біз жақта сыра да ала алмайды. Астанадағы алғашқы аптам жаңа қаланың көрікті жерлерінде суретке түсіп, мейрамханаларының мен білмейтін тағамдары бар ұзыннан-ұзақ мәзірлерін зерттеумен өтті.

Соңғы бірнеше күнде өзеннің арғы жағына өтіп, қаланың кезінде Ақмола атымен белгілі болған мекеніне жеттім. Биік ғимараттар мен үлкен экрандардан гөрі қаланың бұл жағы маған көбірек әсер етті; тұрғындарымен, тарихымен, адами тағдырларымен қызық көрінді.

Ескі қала кіші-гірім кафелерімен, аяқ-киім сататын дүкендерімен және шынайы келбетімен көрікті көрінді. Көшелері аса таза болмаса да, ал кейбір үйлер ескі болып көрінсе де, бұл жерде қазақстандықтардың күнделікті шынайы өмірімен жақынырақ танысуға болады. Жергілікті емеспін, және осы жерде болатым кезім шектеулі, дегенмен Есіл өзенінің шығыс жағы өзімнің қата барғым келетін мекенім болды.

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.