Еркіндік туралы: 2017 жылы Америка құндылықтарын шетелде таныстыру July 31, 2017

Еркіндік туралы: 2017 жылы Америка құндылықтарын шетелде таныстыру

Автор: Алехандро Перез-Рейес

Осыдан бір ай бұрын Қырғызстандағы Бішкек қаласына бару мүмкіндігі болып, жергілікті америка бұрыштары ұйымдастырған іс-шараларға қатыстым. Сол жерде соңғы кездері болған бір оқиға ойымнан кетпейтін болды. Болған жағдай америкалықтардың 2017 жылы шетелде кездестіретін сын мен мүмкіндіктің үздік үлгісі деп сенемін.

Оқиға жергілікті оқушылармен кездесу барысында болды. Олар маған ағылшын тілінде сұрақ қойып, мен барынша жауап беруге тырыстым. Тақырыпта шек болған жоқ: оқушылар кез келген сұрағын қоя алды. Олар Америка университеттеріндегі оқудан бастап, менің бақ туралы түсінігіме дейін әр түрлі тақырыптарды қозғады. Кейін мен күтпеген сұрақ қойылды.

«Гомосексуалистер туралы не ойлайсыз?»

Мен ойымды жинап біраз тұрдым. Бұл мен үшін бұрын-соңды кездестірмеген күрделі сұрақ болды. Жеке пікірім болса түсінікті: социал либерал бола тұра, мен әрқайсысы кім болғысы келсе, өз еркі деп сенемін. Бірақ тек өз пікірімді білдіруімен шектеле алмайтынымды да түсіндім. Және бұған бірнеше себеп бар.

Біріншіден, мен университеттегі құрдастарымнан бөлек аудиторияға келдім. Қырғызстан мен Америкадағы ЛГБТ өкілдеріне көзқарас екі елде екі түрлі. Екіншіден, өз пікірімді білдірсем де, мен, ең алдымен, америкалық ретінде қабылданамын. Менің жауабым оқушылардың жалпы Америка туралы пікіріне ықпал етуі мүмкін.

Осы оймен мен өзімнің жеке көзқарасым менің Америка құндылықтарын қалайша түсінетінмен тікелей байланысты екенін түсіндім. Барлықтарына ортақ еркіндік мен теңдікті қамтамасыз ету америалық арманында мен өзімнің көзқарасымен бағыттас мұраттарымды таптым. Менің жауабым нағыз америкалық жауап болды.

Оқушының жауабымды қалайша қабылдағанын анық білмесем де, оның сұрағы өзіме өзім туралы, елім туралы ой салды. Шетелде жүріп, мен елімнің өкілі болып табыламын. Қазір, 2017 жылы мұндай жауапкершілікті мойынға арту қиынға түседі. Алайда Американың негізін қалайтын еркіндік, даралық және теңдік секілді мұраттар еліміздің басты серттері болып қала береді. Және мен осы мұраттарға және одан да бірлікті әлемге қол жеткізе алатынымызға сенемін. Сол себепті Америка өкілі болуға қуана келістім, және ең үздік өкілі болуға бар күшімді саламын.

 

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.