Жаны бар қала August 14, 2017

Жаны бар қала

Автор: Изабель Тризлова

Астанадан оңтүстікке қарай поезбен төрт сағаттық жолда Қарағандыға баруды асыға шешкен болатынмын. Уақыт көрсеткендей, бұл Қазақстандағы қабылдаған шешімдерімнің ең оңдысы болды. Поезға кешіге жаздадық. Отырғанымыз сол еді, орындарымызды біреулер алып қойды. Жолда қиналармын деп қорқып едім, дегенмен қалаға оңай жеттік. Жолаушымыз – жетпістен асқан Марияш есімді қария апа. Орнымызға отырып, өзара ағылшынша сөйлей бастадық. Ол соны естіп, бізді сұрастыра бастады. Негізінде әдеттегі “қайдан келдіңдер?”, “Қазақстанда не бітіріп жатырсыңдар?”, “ұнайды ма?” секілді сұрақтар қойылды. Ең қызығы ол бізбен ағылшынша сөйлей бастағанда басталды. Ол әрбір орыс сөзін ағылшынша сөзбе сөз аударуға тырысты. Әңгімемізге қоса, Марияш апай шай ішкізіп, бауырсақтарының дәмін тигізді.

Қарағандыда ағылшын тілінен сабақ беретін жас мұғалімге кез болдық. Ол ЭКСПО-да болып, Павильонымызда жұмыс істейтін бірқатар студенттерді еске түсірді. Ол бізге автобус аялдамасын көрсетіп, КАРЛАГ-қа баратын жолды көрсетті. КАРЛАГ ГУЛАГ жүйесіндегі ірі лагерлерінің бірі еді. Қазір оның орнында мұражай орналасқан. Ол Қарағандыдан 50 минут жолдай қашықтықтағы Долинка ауылында орналасқан. Мұражайда саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы көп нәрсе біліп алдық.

Қаланы күнімен аралап шықтық. Ол Астанадай үлкен, сәнді болмағанмен, жаны бар қала екен. Кеңес үкіметінен қалған ғимараттардағы граффиті суреттерінде, Шахтерлердің мәдениет сарайында және көл жағалауындағы саябақта бір ерекшелік байқалған сияқты. Қарағандыға барып келіп, біраз жақсы адамдарды мен әдемді жерлерді көріп шықтым. Соңында, вокзалға барар жолда, Байқоңырдан Союз М-05 ракетасының ұшып шыққанын көрдік. Поезбен жүрген алыс жол мен екі сағаттық ұйқы осы сапарымызға тұрарлық болды.

 

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.