Cielito Lindo (“Сүйіктім менің”): ЭКСПО-дағы күтпеген сыйлық August 29, 2017

Cielito Lindo (“Сүйіктім менің”): ЭКСПО-дағы күтпеген сыйлық

Автор: Алехандро Перес-Рейез

 

Күн сайын Латын Америка Плазасында әр елдің мәдениеті мен дәстүрін көрсететін концерттер өткізіледі. Таңертең ЭКСПО-да қыдырып жүріп, Плаза алдындағы сахнада дайындалып жатқан жалғыз әнші әйелді көрдім.

Әрі қарай кете бергенім сол еді, ол өлең айта бастады: Cielito Lindo (“Сүйіктім менің”). Бұл өлеңді Астанада естимін деп ойлаған жоқпын. Әнші, менің атам секілді, Мексикадан екен. Және оның айтқан өлеңі жүрегіме ерекше жылы болды.

“Сүйіктім менің” өлеңін алғаш рет мектепте оқығанда естідім. Өленнің әдемі сөздерін бірден жаттап алдым. Анам мұны естігенде, атаңа осы өлеңді айтсаң, оңды болар еді деді. Бірақ мен сол күйі айтпай қойдым.

Мен атама испанша өлең айту түгіл, онымен испанша сөйлеуге бата алмадым. Сөздерді бұрыс, түсініксіз айтып, үмітін ақтай алмаспын ден сескендім. Атап айтқанда, шет тілде сөйлеуге қорқыныштан ЭКСПО-да жұмыс істеуге келдім. Күнделікті шетел тілде сөйлесем, бұл қорқыныш сезімінен құтылармын деп үміттендім.

Әншінің өлең айтқанын естіп, атамды есіме алдым. Сол жерде тұрып, атама ол тірі тұрғанда айта алмаған өлеңді әншімен қосылып айттым.

Ay ay ay ay                                               Ай ай ай ай

Canta y no llores                                     Әндет те жылама.
Porque cantando se alegran                 Себебі әндеткенде,

Cielito Lindo, los corazones                Сүйіктім менің, жүрек қуанады.

Концерттен кейін ол маған жақындап, маған қосылып өлең айтқан адамды бірінші рет көруім деді. Осыны атама жеткізсем ғой, шіркін. Ол мені мақтан тұтар еді деп ойлаймын.

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.