Энергияның болашағы September 5, 2017

Энергияның болашағы

Автор: AES Kazakhstan

 

Жақында AES корпорациясы АҚШ павильоны елші-студенттерін шақырып, Шығыс-Қазақстан облысындағы екі су электр станцияларында оларға арнап тур ұйымдастырды. Бұл ЭКСПО 2017 көрмесіне өз еркімен жұмыс істеуге келген америкалық студенттермен өзіміздің адамдардың өмір сапасын жақсарту, нарықты қауіпсіз және экологиялық тұрғыдан тұрақты энергия көзімен қамтамасыз ету қызметіміз туралы ақпарат бөлісуге біз үшін жақсы мүмкіндік болды.

1931 жылдан бастап ЭКСПО көрмелері мемлекеттерді, компанияларды, халықаралық ұйымдарды, жеке меншік секторын, азаматтық қоғамдарды және жалпы қауымдастықты біріктіріп, оларды инновациялық идеялармен өзара бөлісуге, прогресс пен ынтымақтастыққа шақырады. Астанадағы “Болашақ энергиясы” ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтары түрлі елдер мен компаниялардың болашақ ұрпақ үшін энергияның жаңа моделін құру мақсатында не істеп жатқанын көре алады.

Біз АҚШ павильонына демеушілік жасауға және халықаралық көрмедегі бірқатар елдің павильонына септігімізді тигізуге қуаныштымыз. Әрі жұмыс істеп жатқан нарықтарымыздағы энергия қажеттіліктерін бүгін әрі ертең қанағаттандыру мақсатында тапқан әлем деңгейіндегі энергетикалық әмбебап шешімдерімізбен таныстыруға асығамыз.

Америкада электр энергиясын өндіретін алғашқы тәуелсіз компания әрі Fortune тізіміндегі ең танымал энергетикалық 200 компанияның бірі – AES корпорациясы – коммуналды кәсіпорындарға мен клиенттеріне сенімді әрі ұтымды қуат электр қуатын қамтамасыз ету үшін тексерілген технологияларды қолданып, коммерциялық моделдерді енгізеді. Мәселен, осыдан он жылдан астам уақыт бұрын AES-тегі бір топ қызметкерлер электрлық желісі үшін жаңа батарея құру жобасымен айналысты. Нәтижесінде пайда болған компанияның энергияны жинайтын жаңа жүйесі Advancion 4 батареясы базасында энергия тасымалдау шығынын азайтады. Баламалы энергияны, яғни  күн, жел энергетикасын  қолдайды. Желілердің беріктігін, мығымдығын қамтамасыз етеді.

AES – энергетикада дронды қолданған бірінші компания. Ол ұшу аппаратын электр тарату нысандарын, градирендер мен су қоймаларын тексеруге, бақылауға пайдаланады. Олар басқару мен қызмет көрсету үрдісін жақсартуға, адамдардың өірге қауіпті салада аз жұмылдырылуға көмектеседі.

Энергетика саласында трансформация жүріп жатыр. Бүгінгі таңда технология бұрынғыға қарағанда өте жылдам өзгереді. Қолдағы бар жаһанды алаң, энергоресурстар мен технологиялар, әрі компаниямыздың көптеген дамушы нарықтарда бар болуы, бізді адамдардың өзгермелі қажеттіліктеріне сай, қол жетімді және тұрақты энергияны қамтамасыз ете алатын компаниялар қатарына қояды.