XIII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі 2017 August 4, 2017

XIII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі 2017

Автор: Светлана Попович

Мен кино көргенді жақсы көремін. Астанада 22-28 шілде аралығында өткен XIII «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне қатыстым. Фестиваль шеңберінде АҚШ елшісі Джордж Кролл «48 Hour Film Race» сайысын жариялады. Қысқа метражды фильмде электр шамдар көрсетіліп, “болашақ осындай болады деп күтпеген едім” деген сөз айтылуға тиіс еді. Фильмнің біреуінде Қазақстан мен АҚШ студенттерінің достығы туралы баяндалды. Достар түрлі елден болғанымен, ортақ нәрселері көп екен.

Екіншісі – сиқырлы шам сатып алған адам туралы комедия. Шам тілектерді орындайды. Тілек бірден орындалады екен, және оны кері қайтару мүмкін емес. Ер азамат бүкіл әйелдер мені сүйсің деп іштен тілегені сол еді, кездестірген әйелдерден қашып құтыла алмады. Тілегіне қатты өкінді. Әр оянған сайын, бұл көргені түсі деп үміттеніп, бірақ қасындағы шамды көріп, өңі екеніне көзі жетеді. Бұл фильм маған өз тілектеріме байқап қарау керек деген ой түсірді.

Маған өте ұнағаны – суреттерін қарап, өткен өмірін еске алып жатқан қарт адам туралы кино. Ғұмырының өтіп кеткеніне өкінгеніне қарамастан, бақытты кездері туралы қалған естеліктер бас кейіпкерге қуаныш сезімін сыйлады. Ол осы қуанышымен немересімен бөлісті.

Мен конкурсқа қатысқан «Кентавр» және «Аритмия» киноларын қарап шығуды үлгердім.

Қырғызфильм түсірген «Кентавр» киносын көргенде, күліп те, жылап та алдым. Бас кейіпкер өзін-өзі танумен, жанұясымен, ғашықтық сезімімен, өткен және қазіргімен байланысты қиындықтарды өтуге тиіс болды. Бұл салдарға қарамастан өздері сенетін нәрсе үшін күресуге дайын тұрған адамдар туралы ойландырды. Бас кейіпкер жылқы ұрлайды екен. Сосын жануарды босатады. Туған бауырынан ұрлап жатқан жерде ұсталып, шынын айтады. Кезінде көшпенді ата-бабалар жылқы жануарымен іргесін тиіп жүрді. Кейіннен адамзат бұзылып, ақшаға сатылып, жануарларға теріс қарайтын болды. Қырғыз мақалы “Ат – жігіттің қанаты” дейді. «Кентавр» киносы әлемді өзгертуге ат салысқан адамдардың күш қуаты туралы. Көз жасыма ие бола алмадым, кино біткенде, залдаға жарықты бірден жақпас деп үміттеніп отырдым.

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.