Біз туралы

Экспо 2017

“Экспо 2017” көрмесі Қазақстанның елордасы Астана қаласында 2017 жылы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін өтеді. “Болашақ энергиясы” тақырыбында өтетін бұл көрменің мақсаты халықаралық қауымдастықты тұрақты қуат көздерін дамытуға, осы саладағы зерттеулер мен инновацияларды қолдауға, энергетикалық қорларды тиімді тұтынуға ынталандыру. Сонымен қатар “Экспо 2017” көрмесі өнер және мәдени алмасу арқылы халықаралық үнқатысуды нығайтуды көздейді. айлық шара барысында әлемнің түкпір-түкпірінен келген шамамен 2 миллиондай адамды күтеді.

USAP ЭКСПО-2017

USAP ЭКСПО-2017 Вашингтон қаласында негізделген, АҚШ Мемлекеттік департаменті АҚШ павильонын жобалау, салу және басқару үшін таңдаған коммерциялық емес ұйым. АҚШ павильонының мақсаттары:

  • • Американың технология және инновация саласындағы көшбасшылығын және Америка халқының таусылмас қуатын көрсету;
  • • АҚШ мен Қазақстан арасындағы берік әріптестікті ерекше атап көрсету;
  • • Қазақстан және Еуразиядағы коммерция және қоғамдық дипломатия салаларындағы АҚШ мүдделерін ілгерілету.

USAP Expo 2017 командасы Американың жеке, академия және коммерциялық емес секторларында жобалау, басқару, байланыс және дипломатия салаларында жұмыс істейтін, ЭКСПО шаралары және Қазақстан мен Еуразия аймағы бойынша тәжірибесі мол жетекші мамандардан құралған.

АҚШ павильонының серіктестері

The U.S. Department of State
АҚШ Мемлекеттік департаменті Халықаралық көрмелер бюросы мақұлдаған шетелдегі халықаралық жәрмеңкелер мен көрмелерге АҚШ-тың қатысуына жауапты. Сонымен қатар, Қазақстан және Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасты қамтып көрсететін бағдарламаны жобалауда америкалық серіктестерімен, шетел үкіметтерімен және мәдени топтармен бірігіп жұмыс істейді.

 

BRC Imagination Arts
BRC Imagination Arts көптеген марапаттарға ие болған, әлемнің түкпір-түкпіріндегі клиенттерге алдыңғы қатарлы, жүлдегер экспо павильондары мен мұражайларды салуда және жобалауда 35 жылдан астам өтілі бар дизайн фирмасы.

 

Eurasia Foundation
Еуразия Қоры Вашингтон қаласында негізделген, жоғарғы құрметке ие болған, Еуразия аумағында кешенді мемлекеттік басқаруда және азаматтық қоғам мен экономикалық даму бағдарламаларын басқаруда 24 жыл өтілі бар 501(c)3 коммерциялық емес ұйым.

 

U.S. Kazakhstan Business Association
АҚШ-Қазақстан іскерлік қауымдастығы екі ел арасындағы экономикалық және коммерциялық ынтымақтастықты ынталандыратын тәуелсіз, коммерциялық емес ұйым.Қауымдастық 1999 жылдан бері Қазақстанда іскерлікке және инвестицияға қолайлы климат тудыру үшін АҚШ мен Қазақстанның өнеркәсіп басшылары мен саясаткерлерін жұмылдырып келеді.

 

APCO Worldwide
APCO Worldwide штаб-пәтері Вашингтон қаласында орналасқан, әлемнің түкпір-түкпірінде 30-дан астам офисі бар, ғаламдық коммуникациялар жөніндегі консалтингтік компания.APCO үздік инновациялық ұйымдарға – қоғамдық, жеке және коммерциялық емес ұйымдарға – мүмкіндіктер жасап, тәуекелді және күнделікті жағдайларда кездесетін күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі.

 

АҚШ павильонының басшылығы

Елші Джордж Крол, павильон комиссары
Джордж Крол мырза 2015 жылы 8 қаңтарда АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі ретінде ант берген. Бұған дейін Крол мырза АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі болған. Ол аға министр-кеңесші атағы бар жоғарғы дипломатиялық қызметтің тұрақты қызметкері және АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша орынбасары болып қызмет атқарған.

 

Доктор Джошуа Уокер, президент және бас атқарушы директор
Доктор Джошуа Уокер бизнес дипломатиясы, халықаралық істер, мемлекеттік-жеке серіктестіктер бойынша маманданған, сондай-ақ APCO Worldwide ғаламдық бағдарламаларының вице-президенті. Ол АҚШ федералдық ведомсволары мен мемлекеттік мекемелерінде жұмыс істейтін көптеген лауазымды адамдарға аға кеңесші болып қызмет атқарған. Сонымен қатар ол АҚШ Мемлекеттік департаментінің бұрынғы хатшысы Керридің аппаратында бас экономист болған.

Эндрю Сноувайт, атқарушы директор
Эндрю Сноувайт стратегиялық басқару, бизнесті дамыту және серіктестіктер мен коммуникация істерімен ғаламдық деңгейде айналысатын тәжірибелі маман. Ол жылжымайтын мүлік, тақырыптық ойын-сауық, қоршаған ортаны қорғау және ақпараттық технологиялар сияқты әртүрлі секторларда жұмыс істейді. Сноувайт мырза 2012 жылы Кореяның Йосу қаласында өткен ЭКСПОда АҚШ павильонының директоры болған

Кристиан Лейчел, креатив жетекшісі
Кристиан Лейчел BRC Imagination Arts компаниясының атқарушы креатив директоры және вице-президенті. Ол BRC жобаларына өзінің жаңа идеяларымен, жобалау тәжірибесімен, іскерлік зеректігімен және стратегиялық ойлау қабілетімен қомақты үлес қосып келеді. Ол атсалысқан жобалардың ішінде жүлдеге ие болған Дүниежүзілік ЭКСПО жобалары мен павильондар бар. 2010 жылы Шанхайда өткен көрмеде бірнеше инновациялық павильондарды – соның ішінде Қытай ұлттық павильонын, АҚШ павильонын, және SAIC-GM павильонын – көтеруге жасалған шығармашылық істерді басқарды.

Хортон Биби-Сентр, басқарма мүшесі
Хортон Биби-Сентр Еуразия қорының президенті және Gazelle Finance төрағасы. Биби-Сентр мырза сондай-ақ Қордың Ресей, Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ, Украина және Молдова елдеріндегі бес жергілікті жарғылық мекемелерін жобалауға және іске қосуға тікелей қатысқан.

Марджери Краус, басқарма мүшесі
Марджери Краус APCO Worldwide компаниясының негізін қалаушысы және атқарушы төрағасы. Ол қоғамдық істер мен коммуникациялар бойынша және ірі трансұлттық корпорацияларға бизнес кеңес беруге маманданған. Краус ханым APCO компаниясын 1984 жылы құрып, Вашингтондағы жалғыз ғана офистан тұратын бұл шағын компанияны Америка, Еуропа, Таяу Шығыс және Азияның ірі қалаларында жұмыс істейтін көпұлтты консалтингтік фирмаға айналдырған.

Дженнифер Миллер, Астана ЭКСПО-2017 үйлестірушісі
Дженнифер Миллер АҚШ-тың “ЭКСПО-2017” көрмесіне қатысуының барлық аспектілерін бақылайтын АҚШ Мемлекеттік департаментінің командасын басқарады. Ол сондай-ақ, департтаменттің Орталық Азия елдеріндегі қағамдық дипломатия бастамаларына жауапты. Миллер ханымның мемлекеттік-жеке серіктестіктер, халықаралық білім беру және халықаралық жобаларды басқару салаларында тәжірибесі мол.