Менің ұшақтағы досым June 30, 2017

Менің ұшақтағы досым

Автор: Kelly Pysmennyi

2017 ж. 29 мамырда бұрын-соңды болмаған өңірге сапарға аттандым.

Астанадағы ЭКСПО 2017 көрмесінде елші-студент қызметін атқару үшін Қазақстанға апаратын ұшаққа отырдым. Шетелде бұрын болып көріп едім, алайда Орталық Азияға алғаш рет келуім мені қатты алаңдатты, есімді тұман басқандай болды. Алдымда географиялық орны мен тарихынан сәл хабарым бар ел күтіп тұрды.

Амстердамнан шыққанда үрейім қашты. Бағыма қасыма Қазақстаннан 20 жасар жігіт отырды. Ол Манчестерде оқиды, жазғы демалысын ата-анасымен өткізуге келе жатыр екен. Басында сөйлеспедік. Ол құлаққап киіп, музыкасын тындады. Мен ұйықтауға тырыстым. Қасымыздан қайта-қайта өтіп жатқан стюардессаларға еліктеп, тыным таппадық. Біраздан соң ас келді. Тағамды таңдай бастағанда америкалық акцентпен өзімнің қай елден екенімді білдіріп қойдым. Көршіммен сөйлесе бастадық, әңгімеміз жарасып, Астанаға жеткенше тарқамады. Ол америкалықтарды біледі екен, біразымен Манчестерде оқиды. Дегенмен Астанаға үш айға бара жатқан америкалықты бірінші рет көруі екен.

Біз көп сөйлестік. Бәрінен бұрын екі сөзі есімде қалды. Біріншісі – мен туралы жақындарына айтып баруға асығуы. Екіншісі – алысқа қорықпай үш айға бара жатқан мені көріп, ол енді сескеніп жүрген мұхиттан асып АҚШ-ты көру арманына жетуді көздегені.

Осыны естіп, қатты қуандым. Бұл мен үшін АҚШ-қа қызығушылықты арттырып, Елші-студент ретінде қызмет ете аламын деген сөз болды. Аз уақытта бейтаныс жолсеріктерден жан достар болып кеттік. Бір-біріміз туралы көп білдік. Сонша ақпаратты Google бағдарламасы да бере алмас еді. Қасым Қазақстандағы көп достарымның алғашқысы болды. Ол маған қазақтың нағыз қонақжайлылығын көрсетті. Үйінде қонақ болып та үлгердім.

Жоғарыдағы мәтін автордың өз пікірін білдіреді және АҚШ павильоны мен оның демеушілерінің ресми ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін.