Павильион

АҚШ павильонының тақырыбы

Таусылмас қуат қайнар көзі әрқайсымызда бар. Ол бізді ұлы істерге жұмылдырып, асқақ арманымызға жетелейді. АҚШ павильоны осы “өмір қуатын” Америка халқының қиялы, инновациялылығы және шығармашылығы арқылы дәріптейді. Павильондағы қызықты әңгімелер, таңғаларлық аудиовизуалды қойылымдар және практикалық интерактивті тәжірибе көрермендерді гүлденген болашақ құруға қанаттандырып, новаторларға айналдырады. Достық пен кәсіпкерліктің осы рухы АҚШ павильонының және Америка мен Қазақстан серіктестігінің негізі болып табылады.

АҚШ павильоны не ұсынады?

“Таусылмас қуат қайнар көзі” тақырыбындағы АҚШ павильоны америкалықтардың арман-үміттерін Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі достармен, әріптестермен бөліседі. 1100 шаршы метр (11,840 шаршы фут) жерді алып жатқан көрме үш бөлімнен тұрады: Театр 1, Театр 2 және Пост Шоу. Бұл көрме жүлдеге ие болған BRC Imagination Arts дизайн фирмасымен бірлесе отырып жасалған:

Театр 1: Энергияға толы бөлме
Павильонның кіндігінде келушілерге “таусылмас қуаттың қайнар көзі дегенді қалай түсінесіз?” деген сұрақ қойылады” АҚШ-тың бейнесуреттері ілінген бөлменің ішінде оларды студент-амбассадор қарсы алады. Сосын өткен тарихтан шабыттанған, ертеңгі күннің озық технологиясын ерекше атап көрсететін, Американың инновацивациялық рухын дәріптейтін фильм көрсетіледі. Содан кейін қонақтар “Өмір қуаты” театрына шақырылады.

Театр 2: Өмір қуаты
Мұнда келушілер АҚШ павильонының “Таусылмас қуат қайнар көзі” тақырыбын эмоциялық түрде ашатын, ғажайып, қызықты әрі көңіл-күйді көтеретін шоуды тамашалайды.” Синхрондалған үш алып экраннан көрсетілетін шоу еденнен төбеге дейінгі көп қабатты дыбыс және жарық әсерінен одан әрі күшейтіледі.

Павильон Пост-шоуы
Бұл жерде қонақтарды Театр 1 бөлмесінде қойылған сұрақтың жауабымен, “таусылмас қуат қайнар көзі БІЗ ӨЗІМІЗ” деп қарсы алады.” Мұнда, біздің демеушілеріміз бен серіктестеріміз АҚШ мен Қазақстан арасындағы достықты одан әрі қалай тереңдете түсетінімізді және ғаламдық мәселелерді шешу жұмыстарын қалай жалғастыратынымызды түсіндіреді.