ЭКСПО 2017 аяғына қарай АҚШ Павильоны біраз адамның басын қосты
Орталық Азияда тұңғыш рет өткізіліп жатқан ЭСКПО 2017 көрмесінде мыңдаған қазақстандықтар мен өзге елдің азаматтары Америка мәдениетімен танысты
Астана, Қазақстан – ЭКСПО 2017 аяғына таман, мыңдаған адамдар АҚШ павильонына келіп, оның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларын көріп, БАҚ басылымдарын оқып, бізді таныды.
“Осы жазда ЭКСПО алаңында АҚШ пен Қазақстан арасындағы екі жақты қатынастардың өзара сыйласу, ізгі ниеттесу негізіндегі үлгісіне куәгер болдық,” – деп АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі, АҚШ Павильонының комиссары Джордж Крол атап өтті. “Қай салада болсын, ғылым, бизнес, білім беру және т.б., бірігіп жұмыс істей алатын тағы да жаңа жобаларды асыға күтемін,” – деп қосты ол.
Этим летом на ЭКСПО мы увидели яркий пример взаимного уважения, энергетики и позитивного настроя в основе двусторонних отношениях между США и Казахстаном,” отметил Посол США в Казахстане и Киммиссар Павильона США Джордж Крол, добавив, – “С нетерпением жду других проектов, где мы сможем совместно проявить себя, будь то в науке, бизнесе, образовании и прочих сферах.”
“Біз соңғы үш айда келген қонақтардың санымен ғана емес, олармен жеке танысып, қол ұстасып, тереңірек танысқанымызды мақтан тұтамыз,” деді АҚШ Павильонының президенті доктор Джошуа Уолкер: “Қонақтардың америкалық студенттермен тіл табысуы, қазақстандықтар мен өзге ел азаматтарының Америка мәдениетін түсінуі мен қабылдауы сарқылмас қуаттың көзі адам екенін тағы бір рет дәлелдейді. Тарихымызбен, америкалықтамен өздеріңізді таныстыру біз үшін зор абырой болды. Астананың қонақжайлылығы үшін алғысымыз шексіз.”
ЭКСПО үш айының ішінде АҚШ павильоны бірқатар ресми делегацияларды да қарсы алды. Олар екі ел арасындағы қарым-қатынастарды және Қазақстан-америкалық бизнес ассоциациясы негізіндегі мүмкіндіктерді талқылады. АҚШ павильонының бас демеушілері Дженерал Электрик пен Шеврон болашақ энергиясы тақырыбында бірнеше іс-шаралар өткізді. Ал Сити мен AES Орталық Азия мен дүние жүзіндегі қызметі туралы баяндап берді.
40 шақты америкалық студенттерден тұратын Елші-студенттері қонақтарымызды күнде қарсы алып, АҚШ пен Павильонның көркіне айналды. Олар Қазақстанның Астанадан басқа қалаларына барып келіп, Каспий бойындағы Ақтаудан Алтай тауларының етегіндегі Өскеменге дейін, солтүстіктегі Петропавлдан, оңтүстіктегі Алматы, Шымкент қалаларына дейінгі америкалық бұрыштарында Павильон тақырыбын ашты. Олар елді аралап, қазақ мәдениетімен танысты, өздерінің тәжірибесімен бөлісті.
“Бұл біз үшін қазақстандықтармен және шетелдіктермен жақынырақ танысып, тәжірибе бөлісу мүмкіндігін берді,” деп айтты Аризона штатынан келген Светлана Попович: “Олармен сөйлескенде, шыққан жерлеріміз бөлек болса да, ортақ нәрсеміздің көп екеніне көзім жетті. Ең болмағанда, бәріміздің ЭКСПО-2017-де болған атымыз бар.”